Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САРҚАН АУДАНЫНДА «ӘР ҮЙДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ


14 февраля 2020, 14:03 | 62 просмотра



Сенбі күні Сарқан ауданы ТЖ бөлімі «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ауқымды іс-шараны жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесе – Сарқан қаласы әкімдігі, Парыз еріктілері, Саран қаласы  22-ӨСБ және Лепсі ауылындағы 27-ӨС бекетінің жеке құрамымен тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін ақпараттандыру және алдын-алуда өткізді. 

Акцияға 39 адам қатысты, 330-дай жеке тұрғын үйлерді аралады. Сарқан ауданы ТЖБ бастығы Тиынов Азамат Ермұханбетұлы жеке құрам мен акцияға қатысушыларға нұсқаулық жүргізген соң төрт топқа бөлініп, жадынамалар тарату арқылы аулаларды аралау жүргізілді.

Жыл сайын жылыту маусымы кезінде тұрғын секторында өрттің алдын алу бойынша үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, оның шеңберінде Бөлім қызметкерлері аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді. Аралау барысында негізгі акцент пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатуға жасалады. Үй иелеріне пештер мен түтіндіктерді орнату кезіндегі ақаулықтарды жою жөнінде ұсыныстар беріледі, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылады. Рейд барысында Тәуелсіздік №288 пәтер 3 тұрғыны жалғыз басты зейнеткер азаматша Тарасова Вера Петровнаға мұржасын тазалау және пешін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Өз үйіңізді және мүлкіңізді өрттен сақтаңыз. Өрт қаупсіздік ережелерін сақтау – сіздің үйіңіздегі береке мен тыныштықтың кепілі.

Автор:
А.Тиынов, Сарқан ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры.