Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕМ «БНМ» балабақшасында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру


17 февраля 2020, 12:00 | 2 346 просмотров



Барлығы да балалық шақтан басталады,

олардың қабілеттерінің көзін ашу,

таланттарын ұштау ұстаздарға міндеттелді».

Н. Ә. Назарбаев.

Түсінік хат

МЕМ «Басқару негіздерінің мектебі " білім беру процесіне сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру таңдалған.Себебі мектепке дейінгі білім беруде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын  пайдалану балалардың өз бетінше белсенділігін арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, балалардың өз бетінше, түрлі тәсілдермен қызықтыратын зат немесе құбылыстар туралы ақпарат табуға және бұл білімді шынайылықтың жаңа объектілерін құру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балабақшаның білім беру жүйесіне ата-аналардың белсенді қатысуы үшін мүмкіндік береді.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру педагогтарды даярлау арқылы, ата-аналармен тәрбиелік жұмыс жүргізу арқылы, және СТО технологиясының талаптарына сәйкес пәндік-кеңістік ортаны құру арқылы жүзеге асырыла бастады.

Проблеманы қою

  • Тәрбиеленушілердің ойлау қызметін дамыту құралы ретінде сыни  тұрғыдан ойлау тиімділігін зерттеу.
  • Балалар өткен материал бойынша не білетіндерін анықтау.
  • Бар білімді жандандыру.
  • Баланы алдымен оқу материалымен, содан кейін басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйрету.

Осылайша, мұндай технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келетін, еркін шығармашыл тұлғаның дамуына ықпал етеді.

Мақсаты:

  1. "Сыни тұрғыдан ойлау" технологиясын балабақшаның  білім беру процесіне енгізу бойынша жұмыс жүйесін құру.
  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу процесіне интерактивті қосу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуын қамтамасыз ету.

 Міндеттері:

1.Сын тұрғысынан ойлау бойынша педагогтардың жұмыс жүйесін ұйымдастыру: семинарлар, консультациялар мектепке дейінгі білім беруде СТО технологиясын игеру бойынша тренингтер. Оқыту процесін  жүйелі түрде қызықты ету.

  1. Идеяны практикаға қалыптастыру, хабарды тарата білуге үйрету.
  2. СТО технологиясының талаптарына сәйкес пәндік-кеңістіктік ортаны құру арқылы кез келген проблеманы шешудің дұрыс жолын таба алатын, сыни ойлайтын тұлғаның сапасын тәрбиелеу.

 Күтілетін нәтиже:

- Ақпараттық сауаттылықтың арттырылуы;

- Ойлаудың жаңа тәсілі, ол ашықтықпен, икемділікпен, рефлексивтілікпен сипатталады;

- Тұлғаның базалық қасиеттерін қолдану: сыни ойлау, коммуникативтік, креативтілік, мобильділік, дербестік, төзімділік, өз таңдауына және өз іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілік;

- Жаңа білімді бағалау, қорытынды жасай білу және жалпылау;

- Проблемалық жағдайларда шешудің әртүрлі тәсілдерін таба білу.

Сын тұрғысынан ойлаудың технологиялық тәсілдері бір жағынан кәсіби жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан – оқыту процесін дәлелді және негізді, яғни қызықты етеді.

Алға қойылған міндеттерге жету стратегиясы:

Қойылған міндеттерді іске асыру барлық басқару циклінің құрамдас бөліктері арқылы жүргізілді:

*Талдау

*Жоспарла

*Ұйым                                                                                                                 

*Бақылау

*Түзету

Педагогтердің СТО технологиясы бойынша жұмыстың басталуына дайындығын талдау мақсатында "Табысты Мотивация", "Педагогтардың инновациялық қызметке эмоциялық дайындығын дамыту" тренингтері өткізілді.

Оқыту барысында тәрбиешілер релаксация және бір затқа шоғырлану тәсілдерін меңгеріп, психологиялық жаттығулармен сүйемелденді.

СТО технологиясын енгізу тәжірибесі мектепке дейінгі білім беруде келесі тәсілдері неғұрлым қолайлы екенін көрсетті: "Идеялар себеті", "Дұрыс емес пайымдаулар", ""Білемін-білгім келеді-білдім" кестесі, "Болжам ағашы", Қалың, жұқа сұрақтар", "Кластер", "Синквейн", "Ойлаудың алты қалпағы", себебі-топтардың дамытушы ортасы осы тәсілдерді қолдану кезінде визуалды құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей, синквейн құрастыру тәсілдері ең танымал болды. "Білемін-білгім келеді-білдім" білімді бір жерге жинап, жаңа кестелерді құрастыра білуді дамытады.

Бұл жұмыс әр балаға оқу қызметінің проблематикасын еркін және ашық түсінуге мүмкіндік береді, ойлау қызметін ынталандырады. Бұл технология негізінен мектепалды даярлық топтарында қолданылады.

Осы технологияның барлық тәсілдері қолайлы. Оларды барлық кезеңдерде қолдануға болады (шақыру, ұғыну, рефлексия, кез келген білім беру қызметімен біріктіруге болады).

Қаңтар айында СТО технологиясын қолдану бойынша ашық байқау өткізілді. Осы технологияларды жұмыстарына жақсы енгізген педагогтар: О. А. Зверева, Д. А. Умирбекова,  А. А. Митковских, С. С. Утетляева, И. И. Дробкова, Г. А. Галымжанова, А. Т. Машкенова. Бұл педагогтар өздерінің жетістіктерін ұжымда ұсынып, қалалық семинарда  шеберліктерін көрсетеді. Қазіргі уақытта балабақша қала қонақтарын, педагог-тәрбиешілерін мектепке дейінгі білім беру тәжірибесінде шығармашылық педагогиканың жетістіктерін одан әрі трансляциялау үшін қабылдауға дайын.

Сын тұрғысынан ойлауда бала болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді,негізін ашады, сұрыптайды,талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді,пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты арттырады, тақырыпты меңгереді, өзін-өзі тәрбиелейді.

Философ Сократ айтқандай «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту-мұғалімнің жұмысы» - деп ұстаздың бақылаушылық рөлін белгілеп береді.

Осы іс – тәжірибемізді сіздермен бөліскенді жөн көріп семинарға шақырып отырмыз.

Бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан әр оқу процесінде балалардың кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу-әр педагогтың міндеті деп ойлаймын.

Автор:
Шара Шаяхметова, МЕМ «Басқару негіздерінің мектебі» балабақшасының әдіскері.