Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қатерлі ісік ауруының алдын алу тренингі


18 февраля 2020, 10:11 | 1 204 просмотра



ШЖҚ «Панфилов ауданы көпсалалы ауданаралық ауруханасы»  әйелдер кеңесі,жүкті  әйелдер   бөлімдерінде «Қатерлі ісік және жатыр мойын қатерлі ісігі,сүт безі қатерлі ісігі туралы «Обырсыз өмір» тақырыбымен тренинг ұйымдастырып  өткізді. Тренинг барысында СӨСҚ бөлімінің мамандары Оразбақова Г,С, Шалимбаева Л,С, аға аяжан Қасенғалиева Ш.Қ, психолог Нұртазаева М бірлесіп түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қатерлі ісік науқастарға да,олардың ет жақындарына да және қоғамға да айтарлықтай ауыртпашылық әкеледі. Ауру салдарынан әлемде өлім жағдайы көбейіп барады.Қатерлі ісік дертінің жүздеген түрі бар. Бұл адам денесінің кез келген мүшесінде кездесуі мүмкін. Қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын себеп-салдардың отыз пайызы салауатты өмір сүру салтын ұстануға байланысты  болады. Ауру жаңа басталған кезеңінде емделіп, біржола сауығуға болады. Жатыр мойын ісігінің пайда болу себебі:ерте жыныстық өмір бастау,16 жасқа дейінгі уақытта бала көтеру мен туу;жыныстық жол арқылы берілетін қабыну аурулары;Түсік және түсіктен кейін жатырды тазартқанда;Эрозия, полип және жатыр мойнының басқа да аурулары асқынса;темекі тарту және гормоналды контрацептивтерді бес жылдан астам уақыт бойы пайдалану аурудың пайда болуына әкеп соқтырады.Сондай-ақ, маман жатыр мойын ісігінің пайда болуына  адам папилломасы вирусы  себепші болады.Жатыр мойны  ісігі дер кезінде анықталса және тиімді емделсе  қатерлі  ісіктің алдын алуға және емдеп жазуға  болады.

Мамандардың айтуынша  вирус  белсенді жыныстық қатынаста өмір сүретін халықтың 90 пайызында кездеседі. Жалпы жатыр мойны қатерлі ісік дертінің пайда болуының бірнеше қауіпті ықпалдары  бар.Аурудың бастапқы кезеңін анықтайтын онколог мамандар  бар.Егер жаппай скринингтік тексеруден кез келген әйел міндетті түрде өтссе, онда науқастар жайлы мәлімет нақты анықталады.Жатыр мойны қатерлі ісігі өте баяу пайда болады.Нақты белгілері де жоқ.Оның пайда болуының нақты белгілері ұзақ уақытқа дейін сезілмей жүреді.Міне, бұл дерттің қауіптілігі де осында.Дерттің белгісі ретінде, әдетте, әйелдер қансырап дәрігерге көрініп жатады.Қан белгілері жыныстық қатынастан соң, кейде етеккір кезінде  байқалып жатады.Ауру меңдеп бара жатқанда және қатерлі ісік жайылғанда құйымшақтың төменгі жағы, бел, аяғы ауырады, кейде аяғы ісіп кетеді, дәрет сындыру қиынға соға бастайды, минструалды цикл бұзылады, түрлі қоймалжың сұйқтықтар бөліне бастайды.Жатыр мойны қатерлі ісігінен 100 пайыз сақтануға мүмкіндік болады.Жатыр мойын ісігі – жас қыздардың болашағы үшін өте қауіпті дерт. Бұрындары ол 40-50 жастағы әйелдерде кездессе, қазір 20-25 жастағы қыз-келіншектерде де байқалып жүр.Скринингтік тексеруден жылына бір рет өтулеріңіз керек.Ана мен бала өмірін жақсарту үшін  - мемлекеттің алдына қойған басымды міндеті.Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасына сәйкес, ана мен бала денсаулығын арттыру бағдарламаның  басты мақсаттарының бірі.

Автор:
Гүлмира Оразбақова, ШЖҚ Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы МКК СӨСҚ бөлмесінің валеологы.