Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Тұлғаны танып - біл»оқыта үйрету ойыны


24 сентября 2009, 04:49 | 3 860 просмотров



ЕРЕЖЕСІ:

Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған.

Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады. Балалар портретте тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіру тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз командасын топтың бір адамы қорғайды.

Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды. Жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығына рахмет айтады.

ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ҮЛГІСІ:

1-ТҰЛҒА

Махамбет Өтемісұлы

Орал мен Гурьев облыстарына қарасты Нарын құмын мекендеген Беріш елінде туып өскен. Жас кезінде Бөкей ордасындағы медреседе оқып, кейін Орал, Орынбор қалаларында болып, білім алған, көзі ашық, көңілі ояу, қызу қанды адал азамат боп өскен. Ер жетіп, еркі өзіне тиген кезден бастап, халқының қамын ойлап, ат арқасына мініп, күрескер ерлер тобына қосылған. 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов басқарған шаруалар қозғалысының ең сенімді батыры, үгітші ақыны ретінде танылған. Махамбет – осы көтерілісті бастан-аяқ жырлап өткен, тарихи шындықтың шынайы шежіресін жасаған жалынды ақын. Халқының бойындағы қайтпас ерлікті өткір жырларымен бейнелеп, өлмес поэзия қалдырған күрескер. Шығармалары 1925 жылы «Исатай-Махамбет» деген атпен Халел Досмұхамбетұлының құрастыруымен шыққан. Одан кейін Қ.Жұмалиев, Б.Аманшидер құрастырып, әр жылдары бөлек кітап боп басылып келеді.

2-ТҰЛҒА

Сүйінбай Аронұлы

(1822-1895)

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Ұзынағаш жеріне қарасты Қарақыстақта туып, сонда жерленген. Заманының әйгілі ақыны. Қазақ, Қырғыз еліне ақындық аты кең танылған өрен жүйрік.

Әуелі айтыс өнерінде көрініп, кейін ақындық өрісі кеңіп, көп салалы шығармаларымен танылған ақпа ақын. Кезіндегі және кейінгі Жетісу ақындарына ұстаз болған аруақты саңылақ, ақын-жыраулармен айтысып, жүлде алған шешен. Шыншыл да сыншыл арнау, толғауларды көптеп шығарған. Јлеңдері ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан жинақтарға енді. 1935 жылы «Сүйінбай ақын» атты тұңғыш жинағы, 1975 жылы «Ақ иық», 1990 жылы «Сүйінбай шығармалары» деген жинақтары шықты.

3-ТҰЛҒА

Ілияс Жансүгіров

«Мен өзім тауда туып, тасында өстім»

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары үялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызға жарып, асыл байлықты бойына сіңіре білген.

Автор:
Дайындаған Б.АХМЕТЖАНОВА