Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

60 мың медициналық маска Алматы облысына тегін берілді


23 апреля 2020, 07:32 | 1 588 просмотров



«Жетісу Вольфрамы» ЖШС өзінің ҚХР-дағы бизнес-серіктестерімен бірге гуманитарлық көмек ретінде Алматы облысының әкімдігіне 60 мың медициналық маска берді. Коронавируспен күрес шаралары үшін Қазақстанға жалпы саны 228 мыңнан астам бір реттік пайдаланатын үш қабатты медициналық маска тегін берілді.

«Jiaxin International Resources Investment Co., Ltd» корпорациясының вице-президенті, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС атқарушы директоры Назар Терлыганың айтуынша, медициналық масканы жеткізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің, сол сияқты Қызыл Жарты Ай қоғамының тікелей қолдауымен жүзеге асырылғанын айтты:

- Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда біз корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ең жоғарғы принциптерін берік ұстанамыз. «Жетісу Вольфрамы» ЖШС өзінің стратегиялық серіктестерінің бірі «Jiangxi Cooper Corporation» корпорациясымен бірге Қазақстанның Қызыл жарты ай жедел қызметі арқылы зор көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек көрсету - жалпы жұмысымыздың ең маңызды бөлігі», - деді ол.

Атап өтсек, «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіруге маманданған. Инвестициялық жоба өткен жылдан бері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылуда, қазір 400 жұмыс орны ашылған. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 250 млн. АҚШ доллары.