Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы НЗМ оқушылары шетелдік университеттерден оқуға шақыруды қабылдауды жалғастыруда


30 апреля 2020, 12:59 | 270 просмотров



12-сынып оқушысы Ерасыл Дәулетбак АҚШ университеттері мен колледждеріне 5 шақыру алды. Арлингтондағы Техас университеті, Техастың Оңтүстік Методист университеті, Ричленд Комьюнити колледжі, Брукхейвен колледжі және Коллин колледжі Ерасылға жартылай шәкіртақы ұсынып отыр.

Ерасыл информатика және компьютерлік технологиялар факультетінде оқуды жоспарлауда. Бағдарламалау тілі болашақ программисті әрқашан қызықтыратын. Сайттарды, мобильді қосымшаларды, компьютерлік графика мен дизайнды құрудың алғашқы негіздері оны осы салада дамуға құштарландырды.

АҚШ-тың «Pace University» университеті Ернар Өмірзақов пен Алима Батырканды да қуантты.  Олар оқу ақысына 50% жеңілдік пен университеттің қаржылық көмегіне ие болды.

PACE University - Нью-Йоркте орналасқан әйгілі және беделді университеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда мұнда әлемнің әр түкпірінен келген 13000-нан астам адам білім алуда.

Гонконг қалалық университетінен Әйгерім Тәңірбергеноваға да шақыру хаты келді. Әйгерім биотехнология немесе биоинженерия саласында оқуға ниетті. Әйгерімнің таңдауы айқын, өйткені ол биология саласындағы көптеген ғылыми жобалардың жеңімпазы.

Автор:
Пресс-служба НИШ г.Талдыкорган