Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқу жылы да аяқталды


28 мая 2020, 17:50 | 145 просмотров



Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың өз ерекшеліктері болды.

25 мамыр барлығымыз үшін ерекше күн болды.

Қуаныш, толқу және мақтаныш. Барлығымыз қашықтықтан оқыту мәселелерімен бетпе-бет келіп, қиындықтарды жеңдік десек болады.  25 мамыр күні онлайн режимде соңғы қоңырау соғылды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуымен құттықтады. ⠀

Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов пен «Жетісу» телеарнасы арқылы берілген Алматы облысының білім басқармасының басшысы М. Омарованың «Сыңғырла, соңғы қоңырау» сюжеттік құттықтаулары оқушыларымыз бен ата-аналарымызға, ұстаздарға әсерлі де мерекелік көңіл сыйлады.

Қала әкімі Ғ.Әбдраимов өз құттықтауында барша қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алғысын білдіре отырып, қала көлемінде білім саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды

25 мамыр күні оқу жылының аяқталуы мен соңғы қоңырауға арналған 1-11-сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағатының онлайн-трансляциясы өтті.

Жылдың қорытындысы шығарылды. Биыл Талдықорған қаласындағы 25 мектепте бойынша 30053 оқушы білім алды. 1154 түлектің, олардың 57-сі «Алтын белгі», 38-і «Үздік аттестат» иегері болып аяқтауда.

Әр жетістік ең алдымен ұстаз шеберлігінің, мектеп ұжымының, мұғалімдердің, мектеп басшыларының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Бүгінгі таңда ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 908 түлегіміздің алдағы сыннан сәтті өтіп, арманға шығар сапарларына ақ жол тілейміз.

Автор:
Р.С.Барманова, Талдықорған қаласының білім бөлімі