Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тема: БІЛІМ

Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық


28 мая 2020, 12:00 | 4 849 просмотров



Өнерлі өрге жүзеді

Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды. Әрбір адамның Құдай берген өнері немесе дарыны болады. Соны дұрыс білсе, өнерлі жан өз орнын табады. Өнер адамның әрбір кезінде берілуі мүмкін. Бастысы оған деген құштарлық сезімі биік болса, алынбайтын қамал болмайды. Бұл дүниеде адамның жан дүниесін нұрландыра түсіретін, өмірді кемелдендіріп, ізгілік нұрын шашатын құдірет ол - өнер. Адам баласы өнер арқылы өмірдің қыр-сырын таниды. Өзін- өзі бағалап , кемелденеді. Биікке қол созады. Өмірге деген құштарлық сезімі өнер арқылы келеді. Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзгеге де бақыт сыйлай алады. Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өмірін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Б.Момышұлы айтқандай, «Өнер –адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Шын дарын өнер жолында өз орнын таба алады. Күш, жігер ,ақыл мен қайрат – бұлар өнердегі шыдамдылыққа жетелейтін асыл қасиеттер.

Мектеп оқушыларының бойларындағы дарындылықтарын ұштау , бос уақытын тиімді пайдалану , шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында бірнеше жыл қатарынан «Балалар  өнер мектебі жұмыс жасап келеді. Жыл сайын оқушылар әр аспап пен көркем эстетикалыө бағыттағы пәндер:актерлік шеберлік,сахна мәдениетіне үлкен қызығушылықпен белсене қатысады. Өнер мектебінде пәндер бірнеше түрге бөлінеді: вокал, би, домбыра, қобыз,қылқобыз,виолончель,фортепиано,гитара,гобой,барабан,сазсырнай,жетіген,дәстүрлі ән айту,терме айтыс,хор, көркемөнер. Оқушылардың өнер мектебінің пәндеріне қатысу сапасы: 2017-2018 оқу жылында 80 % оқушы қатысса, 2018-2019 оқу жылында 85 % , 2019-2020 оқу жылында 86 % оқушы қатысады. Жылдан- жылға оқушылардың өнерге деген қызығушылығы артуда. 2019-2020 оқу жылында мектепішілік вокал, домбыра, қыздар арасында би, ұлдар арасындағы вокал, хор, көркемөнер үйірмелеріне ер балалар көбірек тартылды. Бүгінгі таңда үйірмелерге ерекше қызығушылықпен қатысып , өз өнерлерімен облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеге дейін көтерілген ұл-қыздарымыз жетерлік.

Мектебімізде көп жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан вокал және дәстүрлі ән айту,терме, домбыра,фортепиано - сыныптары.  Жыл сайын өтетін  халықаралық,республикалық «Атадан мұра», «Бақытты елдің ұрпағы», «Сарын», «Дарабоз», «Дала сазы», «Нұрлы жастар», «Әр бала дара бала» байқауларынан бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар,Аманбекқызы Еңлік,Ералиев Мадияр,Меңіс Жұлдыз,Мұхаметжанов Ислам,Ерхан Шыңғысхан,Бақыт Бекзат,Жаббаров Алматбек,Тохтарова Амина,Адамова Яналар тек Бас жүлде-Гран при иегерлері. Жетекшілері: С.Н.Ажибекова,Б.Н.Асқарбеков,Б.Ә.Дүнгенбаева,Н.Н.Омаркулова,А.Қ.Меирманова,Ж.Б.Дүйсембина,А.Р.Керейбаева,А.С.Нияз.

Мектепішілік көркемөнер пәні 2009 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері мектеп дәлізінде көрмеге қойылып, таныстырылады. Онда балалардың әртүрлі жанрда салған портреттері қойылады.

Бүгінгі таңда үлкен жетістікке жетіп отырған мектепішілік вокал  нәтижесін мақтанышпен айтуға болады. Жетекшілері: Г.С.Сарбалина,Л.Акеш,Ж.Б.Дүйсембина,А.Жиенбаева,А.Қ.Меирманова,С.Н.Ажибековалар. 2019-2020 оқу жылында Халықаралық,Республикалық «Дала сазы» «Talentn kidz» байқауларына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп қана қоймай, көрермендер көзайымына айналды . «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей , оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарындылықтарын жетілдіру мақсатында жүргізілетін қосымша білім беру мекемелері жұмыстарының маңызы зор болмақ.

Автор:
Бақытгүл Дуненбаева, «Талдықорған қаласының білім бөлімі»ММ «Балалар өнер мектебі» МКҚК директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары