19 июня 2020, 06:42 | 1 318 просмотров
"1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бойынша хабарласушылар саны 2 есе артты. Байланыс орталығына түсетін қоңыраулардың көпшілігі коронавирус бойынша ауруханаға орналастыру мәселелеріне қатысты" - деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Тұрғындар ПТР-тест тапсыру, коронавирус және сырқаттың симптомсыз ағымының белгілері туралы сұрайды. Медицина ұйымдарының жұмысын, ауруханаға жоспарлы жатқызу жағын түсіндіруді өтінеді.
«Біздің аймақтық филиалдарымыз жергілікті денсаулық сақтау басқармаларымен тығыз байланыста, еліміздің әрбір тұрғынына барынша көмектесуге тырысады. ПТР-талдау тапсыруға қатысты сұрақтар түсіп жатқандықтан, айта кеткім келеді: Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 10 санат бойынша COVID-19-ға тестілеу ақысын Қор төлейді», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов.
Нақты айтқанда, Қор қаражаты есебінен коронавирусқа ақысыз ПТР-талдаудан өтуге құқылы азаматтар:
тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемінде:
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында:
Зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен және басқа да қосалқы мәселелермен аймақтық денсаулық сақтау басқармалары айналысады.
«Қазіргі уақытта бірқатар аймақтардағы медицина ұйымдарының инфрақұрылымдары қалыптасқан жүктемелерді көтере алмауда. Осыған байланысты тест тапсырғысы келетіндердің кезегі байқалады. Бұл да тест нәтижесінің жылдам ұсынылуына әсер етеді. Қор тарапынан біз медициналық ұйымдардың қызмет ақысын уақытылы төлеу жөніндегі міндеттемелерімізді орындауға дайынбыз», – деді Марат Шоранов.