Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарқан аймағында бейбіт кездесулерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған арнайы орындарды анықтау туралы


7 июля 2020, 10:53 | 317 просмотров


Сарқан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару          және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы              25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы        2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Сарқан аудандық                  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған:
  • Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
  • Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  1. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 150 метр арақашықтықта айқындалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының             2020 жылғы                 «___» ___________

шешіміне 1-қосымша

 

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,

олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

Елді мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толу нормалары

Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы

Сарқан аудандық мәдениет үйінің алдыңғы алаңы

200 адам

 

Жалпы аумағы – 0,19 га;

- жарықтандыру;

- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;

-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

2

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы

Шеру мен демонстрация маршруты - Чепрасова көшесінің бойымен, «Жеңіс» саябағынан бастап Сарқан аудандық мәдениет үйінің алдыңғы алаңына дейін

100 адам

Маршруттың ұзындығы - 769 м.

-маршрут бойындағы көшенің жарығы бар;

-бейнебақылау камерасымен және бейнетүсірілім қондырғысымен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының             2020 жылғы                 «___» ___________

шешіміне 2-қосымша

 

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру

 және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану

тәртібі

 

Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар – Сарқан ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстарды өткізуге арнайы орындарда - сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.

Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

 

 
Автор:
Сарқан ауданының мәслихаты