Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы - Сіздің бизнесіңіздің өсу және даму мүмкіндіктері


6 августа 2020, 09:04 | 1 573 просмотра



Сүйікті ісің немесе ежелгі арманың ертеңгі күні өзіңнің бизнесіңе айналуы – бұл оңай іс емес, алайда, мемлекет барынша көмегін көрсетсе, онда нұр үстіне нұр болады.

Қазақстанның кәсіпкерлік бастамашылығы бар кәсіпкерлері мен халқы екінші деңгейдегі банктер (әрі қарай - ЕДБ), лизингтік компаниялар (әрі қарай – ЛК) алдында өзінің міндеттемелерін ішінара кепілдік түрінде үкіметтің қолдауымен іске асыруға болады және  өзінің бизнесін ашуға және оны әрі қарай дамытуға ЕДБ/ЛК берілген несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау түрінде ала алады.

Кепілдендіру және субсидиялау құралдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (әрі қарай – «Даму» қоры) операторы болып табылатын «Бизнестің жол картасы-2025» (әрі қарай – БЖК-2025) бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асыру аясында қарастырылады.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (әрі қарай – 1 бағыт), еліміздің моноқалалары, шағын қалалары мен ауылды елді мекендерінде  жеке және тиімді жобаларын іске асырған және (немесе) іске асыруға жоспар құрып жүрген  кәсіпкерлердің жобалары қатысады, екінші бағыт бойынша (әрі қарай – 2 бағыт), өнеркәсіптік-инновациялық іс-әрекеті кәсіпкерлері мен субъектілерінің жеке жобаларын іске асырып жүрген және (немесе) іске асыруға жоспар құрып жүрген жобалар қатысады. Несиелер инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға беріледі.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда «БЖК-2025» бағдарламасында салалық шектеулер жоқ (айналым қаражатын толтырудан басқа, сауда-саттық саласындағы жобаларды қоспағанда; ҚР КК   24 бабы 4 тармағында көрсетілген іс-әрекеттер түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері – ойын бизнесі, лоторея жүргізу, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты айналымдар, күзет іс-әрекеті және т.б.)

 «БЖК-2025» бағдарламасының аясында мемлекеттік субсидия арқасында несие бойынша сыйақының мөлшерлермесін төмендете алады және несие бойынша 6%  ғана төлейді.

1 бағыт бойынша инвестициялық мақсаттарға берілген субсидияға жататын несиенің сомасы 750 млн. теңгеден аспауы тиіс, 2 бағыт бойынша – несие 7 млрд.теңгеге көтерілді, бұл арада несие 5 жыл мерзімге беріледі.

Айналым қаражатын толтыру мақсатына бағытталған несие сомасы, 1 бағыт бойынша – 360 млн.теңгеге дейін көтерілді, 2 бағыт бойынша – 500 млн.теңгеге дейін көтерілді, бұл арада, 2 бағыт бойынша, сауда-саттық саласындағы жобалар бойынша айналым қаражатын толтыруға субсидиялауға жататын  несие сомасы – 100 млн.теңгені құрайды. Сонымен қатар, несие 3 жыл мерзімге беріледі

Кәсіпкерде ЕДБ/ЛК беретін несие бойынша ұсынылатын кепілдігі жеткіліксіз болса, «Даму» қоры кәсіпкердің пайдасына өзінің кепілдігін бере алады. Бұл арада, ісін жаңа бастап жүрген кәсіпкер үшін 1 бағыт бойынша – 180 млн.теңгеге дейін несиеге кепілдік беріледі, 2 бағыт бойынша – 360 млн.теңгеге дейін несие беріледі. «Даму» қоры кепілдігін несиенің сомасынан 85% дейін мөлшерде бере алады.

«Даму» қоры іс-әрекеттегі кәсіпкер үшін несиенің сомасынан 50% дейін мөлшерде кепілдік бере алады: 1 бағыт бойынша - 360 млн.теңгеге дейін несиеге кепілдік беріледі, 2 бағыт бойынша –1 млрд. теңгеге дейін.

Сонымен қатар, айналым қаражатын толтыруға (АҚТ) 100%   бағытталған несиелер кепілдікке жатады, 1 бағыт бойынша 360 млн.теңгеге дейін, 2 бағыт бойынша 500 млн.теңгеге дейін. Сауда-саттық саласында айналым қаражатын толтыруға бағытталған жобаларға несие сомасы 100 млн.теңге мөлшерінде шектелген.

Сонымен бірге, «БЖК-2025» бағдарламасына төмендегі салалар аясында үлкен бизнестегі субъектілер де қатыса алады: азық-түлік, сабын-жуғыш заттар, санитарлық-гигиеналық мақсаттарға арналған қағаз бұйымдарын өндіру, автомобильді автокөлігімен жүк тасымалдау, қойма шаруашылығы мен көмекші көліктік іс-әрекет, туризм, жеке меншік немесе жалға алатын жылжымайтын мүлікті жалға алу және оны басқару.

Алматы облысында іске асырылатын немесе іске асыруға жоспарланатын жобаларға қатысты қызығушылық танытатын барлық сұрақтар бойынша және оларға қатысты кеңес алу үшін «Даму» қорының аймақтық филиалына хабарласуыңызды сұраймыз. Мекен-жайымыз: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 үй немесе байланыс телефоны: 8-7282-55-87-10.

Автор:
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының баспасөз қызметі