17 августа 2020, 04:34 | 899 просмотров
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден кімдер босатылды? МӘМС жүйесінде мәртебе «сақтандырылмаған» болып шықса, қайда жүгінуге болады? Азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаты тарапынан жиі қойылатын осы және өзге де сауалдарға "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Айнагүл Дәулетшина жауап береді.
Әлеуметтік аз қамтылған санат ретінде анықталған азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін медициналық сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. Олар:
Жоқ. Әлеуметтік мәртебе басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен Қордың ақпараттық жүйесіне беріледі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.
Жоқ. Бұл жағдайда азаматтың әлеуметтік мәртебесі автоматты түрде жалдамалы қызметкерге ауысады және мемлекет ол үшін аударымдар жасауды тоқтатады. Сондай-ақ, егер азамат жеке кәсіп ашса немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей бастаса, мемлекет ол адам үшін де ақы төлеуді тоқтатады.
ЖОО студенттер туралы деректерді азаматтардың жеңілдікті санатына енгізу үшін Білім және ғылым министрлігіне, содан кейін ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы ӘМСҚ-на береді. Егер студент тізімге енгізілмесе және МӘМС жүйесіндегі мәртебесі «сақтандырылмаған» болса, оның себебін анықтау үшін өз ЖОО-ның деканатына жүгінуі қажет.
Егер азамат 15 жеңілдік санатының біріне жатса, бірақ МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» болып шықса, себебін анықтау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі немесе өтінімді Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жолдауы керек немесе Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына баруы қажет. Себептері әртүрлі болғандықтан, әрбір жағдай жеке-жеке қарастырылады.
Егер сақтандырылмаған болса да, әр азамат мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмек алуға құқысы бар екенін есте ұстаған жөн. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігер мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан азаматтардың барлығына тегін көрсетіледі.