24 сентября 2020, 09:58 | 1 257 просмотров
Тұмау – адамнан адамға жеңіл таралатын жедел вирустық инфекция.Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір вирустық инфекциялары- бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған.
Ауру жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы, лас қол арқылы, таза емес тұрмыстық заттар, ойыншықтар мен басқа заттар арқылы жұғады.
Белгілері:
Бастың ауруы, тұмаурату, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, тамақтың жыбырлауы, жөтелу, құсу, дене қызыуының көтерліуі, қалтырау, өзін-өзі нашар сезінуі, іштің өтуі, бұлшықеттердің ауруы, буындар мен сүйектердің ауруы.
Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз. Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін дәрігерді үйге шықыру қажет.
Алдын алу:
Эпидемия басталмай тұрып, вакцинация жасау.
16 қыркүйек күні Жамбыл ауданында «Тұмауға қарсы егілейік!» - акция өтті. Акция барысында Тұмауға қарсы екпе туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар, буклеттер таратылды. Осы күннен бастастап ауданымызда Тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды.