Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ҚЫЗЫЛ ТҮСПЕН ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ


1 октября 2020, 11:58 | 187 просмотров



Жыл сайын қыркүйек айында Дүниежүзілік қан қатерлі ісігіне қарсы күрес күні атап өтіледі. Іс-шара қалың жұртшылықтың назарын аударуға және халықтың қан жүйесінің қатерлі аурулары, олардың белгілері, ерте диагностикалау және алдын алу туралы хабардар болуы деңгейін арттыруға бағытталған.

Дүниежүзілік қан қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аясында 30 қыркүйек күні Алматыда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты қан түзу жүйесінің ауруымен ауыратын пациенттерді қолдау және халықтың қан обыры туралы хабардар болуы деңгейін арттырудың белгісі ретінде қызыл түспен жарықтандырылды.

Жыл сайын шамамен 5000 адам қанның онкологиялық ауруларына ұшырайды. Қазақстандағы статистика бойынша, қан қатерлі ісігі кең таралған онкологиялық аурулардың ондығына кіреді. Соңғы он жыл ішінде аурудың аздап өсу тенденциясы байқалады. Әлемнің өзге бөліктерінде де ұқсас жағдай орын алған. Өткен ғасырдың соңында пациенттердің шамамен 60% - ы мұндай диагнозды жеңе алмады. Бүгінгі таңда заманауи медицина осы арамза сырқаттан болатын өлімді азайтуға мүмкіндік береді, ал болашақта онкологияның бұл түрі толықтай емделуі мүмкін.

Автор:
Ырыс Аманкелды