Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АИТВ кезіндегі тамақтану


22 октября 2020, 10:18 | 122 просмотра



«Біз өмір сүру үшін жейміз, жеу үшін өмір сүрмейміз» деген нақыл сөз бар. АИТВ-мен ауыратын адам үшін бұл – ерекше қағида.

АИТВ жұқпасымен өмір сүру дегеніміз – әлсіреген иммундық жүйемен өмір сүру. Теңгерімді тамақтану – денсаулықты сақтаудың бір тәсілі. Дұрыс тамақтану – бұл ауруды басқаруға көмектесетін емнің бір бөлігі.

Адам ағзасына түскен азық-түлік құрамында барлық қажетті ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералдар және су бар. АИТВ жұқпасымен ауыратын  адамның диетасы жеткілікті теңдестірілген және әртүрлі болуы керек. Бұл топтағы адамдар ақуыз мөлшері жоғары және нәрлі, яғни калориялы тамақты қабылдауы керек.

Тамақтану АИТВ жұқпасының емі емес. Дегенмен, салауатты өмір салты мен өмір сүру сапасын сақтауда дұрыс тамақтану өте маңызды рөл атқарады:

* иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне және АИТВ-мен күресуге көмектеседі: вирустың үнемі болуы иммундық жүйенің АИТВ-мен күресу үшін қажетті иммундық жасушалар мен тағамның қоректік компоненттерінен пайда болатын заттарды үздіксіз шығаруы керек дегенді білдіреді;

*денені қорғайды: АИТВ немесе оппортунистік инфекциялар арқылы ағзаға келтірілген зиянды өтеу керек; қоректік заттар – бұл организм өзі құратын және қалпына келтіретін материалдар, сондықтан оларға үнемі қажеттілік бар;

АИТВ жұқтырған адам үшін қалыпты салмақты сақтау өте маңызды. Өкінішке қарай, қазір арықтық сұлулық өлшеміне айналды. Ал аз салмақ ағзаның оппортунистік аурулармен күресу қабілетін төмендетеді.

АИТВ жұқпасы кезіндегі тамақтанудың 5 ережесі:

№1 ЕРЕЖЕ:  Көп калория тұтыныңыз.

Салмақ жоғалту – АИТВ жұқтырғандар үшін жиі кездесетін мәселе, оны өте байыпты қабылдау керек. Салмақты жоғалту қауіпті болуы мүмкін, өйткені бұл ағзаға инфекциялармен күресу және аурулардан айығу қиынға соғады. Ересек адам үшін энергияның орташа қажеттілігі күніне шамамен 3000 ккал құрайды.

№2 ЕРЕЖЕ: Ақуызды көп жеңіз.

Күнделікті рационыңызды ақуызбен, бай тағамдық заттармен толықтыруға тырысыңыз.

№3 ЕРЕЖЕ: Көбірек сұйықтық ішіңіз.

АИТВ жұқтырған жағдайда жеткілікті мөлшерде су ішу өте маңызды. Сұйықтық ағзаңызға қажет қоректік заттарды тасымалдайды.

Қосымша сұйықтық дәрілердің жанама әсерлерін азайтуға, пайдаланылған дәрі-дәрмектердің қалдықтарын денеден шығаруға, ағзада болуы мүмкін сусыздануды және асқорыту жұмысының бұзылуының алдын алуға көмектесуі мүмкін.

Күніне кем дегенде 2 литр сұйықтық ішу керек!

№4 ЕРЕЖЕ: Сақтық шараларын сақтаңыз!

Егер сізде АИТВ болса, тамақ пен сусындардың қауіпсіздігіне назар аудару керек, өйткені сіздің онсыз да әлсіз иммундық жүйеңіздің басқа инфекциялармен күресуі қиындайды.

Егер тамақты сақтау және дайындау ережелері сақталмаса, онда ол тамақ сізге басқа да бакериялық ауруларды жұқтыру қаупін арттырады. Сондықтан, сақтық шараларын қатаң сақтаған жөн.

№ 5 ЕРЕЖЕ: маманмен кеңесіңіз.

Тек дәрігер сізге тағамдық қоспаларды, дәрумендерді, минералдарды қабылдауға, қандай қоспаларды және қандай мөлшерде қабылдауға кеңес бере алады. Диета дәрігер тағайындаған емді алмастыра алмайды!

Есіңізде болсын, ешқандай «дұрыс»  диета жоқ. Дұрыс тамақтану – бұл сіздің нақты қажеттіліктеріңізге жеткілікті қоректік заттар алу.

Автор:
Умида ҚҰРБАНОВА, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы