Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Келелі кездесу


25 декабря 2010, 07:57 | 2 142 просмотра


Қазақстан тәуелсіздігінің мерекесі аясында Талдықорған қаласының №7 орта мектебінің кітапханасында кездесу сабағы өтті. 5 « Ә» сыныбының жетекшісі Медетбекова М.Н. кездесуге 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы, ата-ана Абдулаев Нұрмұхамбет Шәкәрімұлын шақырды. Кітапханашы Негманова С.М. және Саутбекова К.С. қатысуымен желтоқсан оқиғасына байланысты «Ұлт бұғауды бұзған күн» атты көрме де ұйымдастырылыпты.

Сабақты М.Нұрғожақызы берша еліміздің айтулы мерекесі – тәуелсіздік күнімен құттықтаудан бастап, жиналған қауымға желтоқсан оқиғасына қатысушы Абдулаев Н.Ш. таныстырды. Осылайша сабақ басталып та кетті.

Нұрмұхамбет аға желтоқсан оқиғасының нағыз ошағы Алматы қаласының толқуына қатысқан екен. Басынан кешірген оқиғаларын, тәуелсіздікке жетер жолда талай жастардың құрбан болғандығын, осылайша тәуесіздіктің бізге өте қиын жолмен берілгендігі жайлы асықпай баяндап берді. Орта буын оқушыларынан бастап, ересектерге дейін ұйып тыңдады. Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық демекші, желтоқсан оқиғасына байланысты түрлі дерек көздерінің беретін мәліметтері өте көп. Дегенмен, желтоқсаншының өзімен тікелей өткізілген сұхбат пен мазалаған сұрақтарға нақты жауап бұрынғыдан да көп әсер берген сыңайлы. Оны оқушылардың сабақ соңынан қойған мағыналы сұрақтары дәлелдей алады. Кездесу сабағы шағын мерекелік концерпен және тәуелсіздікке байланысты құттықтаулармен аяқталды.

Бұл кездесудің маңызы, біріншіден , оқушылардың 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары жайлы білімдерін толықтыру болса, ал оларды рухани байыта отырып, патриоттық сезімдерін ояту - ең маңыздысы болып отыр. Сол себепті, осындай тәрбиелік-танымдық сабақтар әрі қарай жалғасын таба бергені дұрыс демекпін.

Ел болашағынан үміт күттірер патриот жастарымыз көбейіп, тәуелсіздік мерейі үстем болсын!

Автор:
Қапарова Елназ, №7 орта мектептің 11 сынып оқушысы