Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Медицина қызметкерлеріне үміт сыйлаған конференция


26 октября 2020, 06:47 | 532 просмотра



2020 жылдың  қазан айының 23 жұлдызында Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен онлайн дөңгелек үстел Конференциясы жоғары деңгейде өтті. Екі сағатқа белгіленген шара, үш сағатқа дейін жалғасын тапты.

Конференция тақырыбы: "COVID-19ға қарсы күреске қатысқан денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қолдау көрсету. Келелі мәселер мен үмітті жоспары." Мақсаты: еңбекті қорғаудың жаңа талаптарын талқылау, денсаулық сақтау қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына аса мән беру және де әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, рухани қолдау. Медицина қызметкерлерінің еңбегі әлеуметтік маңызы бар, үлкен жауапкершілікті талап ететін, жүйкеге күш түсіретін, жоғарғы сауаттылықты талап ететін еңбек. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері еңбегінің қауіпсіздігінің маңыздылығың Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем пандемия кезінде көптеген жетіспеушілігі мен шарасыздығы айқын аңғарылды. Егерде күш-жігерімізді бір арнаға шоғырландырып, жүйелі түрде мақсатты әрекет етсек жоғарыда айтылған келеңсіздіктерді жеңуге болады. Дөңгелек үстел кезінде: мед.мекемелер қаншалықты медициналық мамандармен қамтамасыз етілгені, қандай қолдау көрсетілгені, алдыңғы уақытта қандай әлеуметтік-экономикалық көмек көрсетілетіні туралы, басқа да маңызды сұрақтар талқыланды. Шараға қатысушылар: Денсаулық сақтау Министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ), Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, Европалық кәсіподақ Федерациясы, Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру фонды, Денсаулық сақтау саласын дамыту Республикалық орталығы, денсаулық сақтау саласы өндірісінің өкілдері және де коммерциялық ұйымдар. Дөңгелек үстелге тікелей келіп сөз сұраған қалалық 13 поликлиника рентгенологы Серғали Сарбазов, Астана медицина университетінің кәсіподақ төрағасы Ержан Құспаев, Талдықорған филиалының төрағасы Асан Шалтабаев конференцияға қатысушыларға медицина саласындағы қызметкерлердің көкейінде мазалап жүрген сұрақтарын, өздерінің ұсыныстарын және шешілмей жатқан мәселелердің түйінін Конференция қаулысына(резолюция) кіргізіп, Министрліктер мен Үкімет нақты шешімін шығарады деген үмітпен онлайн жолдады.

Автор:
А.Шалтабаев, Председатель Талдыкорганского филиала КОПРЗ