Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ескелді аудандақ орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті


26 октября 2020, 07:12 | 530 просмотров



1968 жылы тұрғызылған Ескелді аудандақ орталық ауруханасының стационары толық күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Ауруханаға үш орынға арналған триаж жүйесі енгізіліп, емделуден кейін науқастарға оңалту көмегін көрсетуге арналған 3 оңалту залдары (2 -ересек және 1- балаларға арналған ) ашылды.

Сонымен қатар реанимация, хирургия, перзентхана , терапия,балалар бөлімшелерінде және ота жасау блогында қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, талапқа сай жаңа заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Ота жасау блогында қосымша операция үстелі орналастырылды. Ота жасалғаннан кейін науқастардың оянуын және жағдайын қадағалауға арналған жаңадан екі төсекке арналған ояту палатасы ашылды. Жоба бойынша орталықтырылған оттегін тарату торабы салынып, осы тораптан барлық бөлімшелердегі палаталарға орталықтандырылған оттегі нүктелері орналастырылды. Коронавирустық жұқпа эпидемиясының екінші толқыны туындаған жағдайға аурухана толығымен дайын. Ауруханада барлығы 39 оттегі концентраты, 11 өкпені жасанды желдету аппараты және 145 пульсоксиметрі қолдануға дайын тұр. Дәрілік заттардың қажетті 3 айлық қоры толық көлемде қамтамасыз етілді. Жеке бас қорғаныш киімдерімен, бір реттік бетперделер мен медициналық қолғаптармен, тері антисептиктері мен залалсыздандырғыш құралдар жеткілікті.
Аурухананың ас дайындау блогының ғимараты, кір жуатын орын және автогараж жөндеуден өтті. Сонымен қатар аурухана аумағы да аббаттандырылды.

Автор:
Шалкар Оразбаев