Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өңірдегі мәдениет ошақтарының жай-күйі қаралды


4 ноября 2020, 05:11 | 868 просмотров



Бүгін, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.  Кеңес отырысын «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, әрі аталған кеңес төрағасы Нүсіпбай Додабайұлы ашып, жүргізді

Қоғамдық кеңес отырысына облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, кеңес мүшелері, мәдениет саласының өкілдері қатысып, күн тәртібінде Алматы облысындағы мәдениет ошақтарының жай-күйі және мәдени саясатты жүзеге асыру мәселелері қаралды. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Ғұмаровтың есебі тыңдалады.

Кеңес мүшелері мәдениет нысандарын жөндеу, әрі материалдық техникалық базамен қамту мәселелерін көтеріп, басқарма тарапынан төмендегі жауаптар берілді. Т.Ғұмаров өз сөзінде, «Биылғы жылы мәдениет саласының 4 нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 172 миллион  600 мың теңге, 27 нысанды ағымдағы жөндеуге 439 миллион 400 мың теңге, 21 нысанына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 203 миллион 100 мың  теңге бөлінді» деп атап өтті.

«Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 4 миллиард  804 миллион 400 мың теңге бөлінді, оның ішінде 12 нысанды күрделі жөндеуге 4 миллиард 209 миллион 500 мың теңге, 2 ғимараттың қайта құрылыс жұмыстарына 594 миллион 900 мың теңге. «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 мәдениет үйін күрделі жөндеуге  1 миллиард 149 миллион 300 мың  теңге, мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 328 миллион 800 мың теңге бөлінді. Биылғы жылдың өзінде 128 штат бірлігі беріліп, халыққа мәдени қызмет көрсету сапасы артып отыр» деп, басқарма өкілі кеңес мүшелерінің көтерген сұрағына тұщымды жауабын берді.

Шара соңында кеңес мүшелері шешім қабылдап, көтерілген сұрақтар бойынша ұсыныстар әзірлеп, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне жүзеге асыру бойынша жолданды.

Жалпы, «Miras» қоғамдық кеңесі - мәдениет пен өнерді дамыту мәселелерімен айналысады. Негізгі міндеттеріне мәдениет пен өнер саласындағы басым бағыттарды анықтап, оларды жүзеге асыруға қажетті шаралар туралы ұсыныстар әзірлеу жатады. Сонымен қатар, еліміздегі және шетелдегі мәдениет пен өнердің жай-күйі туралы жүйелі түрде  ақпараттандырып отыру мен шұғылданады. Қоғам үшін маңызы бар басқа да мәселелерді талқылау «Мирас» қоғамдық кеңесінің құзырындағы жұмыс.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы