Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық тақырыбына есептерді шешу


25 декабря 2010, 13:50 | 9 258 просмотров


Мектеп оқушыларына және жас ұстаздарға көмегі болар деп «Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық» тақырыбан арналған 7-сынып 8-жаттығу есептерінің шешімін ұсынып отырмын. Сонымен қоса суретпен берілген есептерді ұсынып отырмын.

1.Дене t1= 20с уақыт ішінде U1 = 20 м/с жылдамдықпен және t2= 20с уақыт ішінде U2 = 30 м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты табу керек.

Берілгені: Шешуі:

t1= 20с Бірқалыпты емес қоғалыстың жылдамдығы туралы сөз

U1 = 20 м/с сөз болғанда, берілген уақыт аралығындағы қозғалыстың

t2= 20с орташа жылдамдығы туралы сөз болып отыр. Сол

U2 = 30 м/с себептен жылдамдықтардың арифметикалық орта шамасы

ретінде табу керек. t1 = t2= 20с болғанда орташа жылдамдық

U орт-? U орт = U1 + U2 /2 тең болады.

U орт = 20м/с+30м/с/2 = 50м/с/2 = 25 м/с

Жауабы: 25 м/с

2.Автомобиль бір қаладан екінші қалаға жету уақытының жартысында 60 км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүреді. Егер оның қоғлысының орташа жылдамдығы 65 км/сағ-қа тең болса, қалған уақытта ол қандай тұрақты жылдамдықпен жүрген?

Берілгені: Шешуі:

U1 = 60 км/сағ U орт = U1 + U2 /2;

U орт = 65км/сағ U1 + U2 = 2U орт

U2 = 2U орт - U1

U2 -? U2 = 2*65 км/сағ – 60 км/сағ = 130 км/сағ – 60 км/сағ =

70 км/сағ

Жауабы: U2 = 70 км/сағ.

3.Автобус алғашқы 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54/сағ жылдамдықпен жүрді. Автобус қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?

Берілгені: Шешуі:

S1 = 9 км/сағ U орт = S/t;

U1 = 36 км/сағ S = S1 + S2 , S = 9 км + 27 км = 36 км

S2 = 27 км t = t1 + t2

U2 = 54 км/сағ t1 = S1/ U1 ; t2 = 9 км/36км/сағ = ј сағ = 0,25 сағ

t2 = S2 / U2 ; t2 = 27км / 54км/сағ = Ҫ сағ = 0,5 сағ

U орт-? t = 0,75 сағ. U орт = 36 км / 0,75 сағ = 48 км/сағ;

Жауабы 48 км/сағ

4.Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүреді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамғын табу керек.

Берілгені: Шешуі:

t1 = 0,5 сағ U орт = S/t;

S1 = 10 км S = S1 + S2 + S3 ;

t2 = 12 мин t = t1 + t2 + t3

U2 = 25 км/сағ S2 = U2 t2 = 12/60 сағ * 25 км/сағ = 1/5 * 25 км = 5 км

S3 = 9 км S = 10 км + 5 км+ 9 км = 24 км

U3 = 18 км/сағ t3 = S3 / U3 ;

t3 = 9 км/18 км/сағ = Ҫ сағ = 0,5 сағ;

U орт-? t = 0,5 сағ + 12/60 сағ + 0,5сағ = 1,2 сағ.

U орт = 24км/1,2 сағ = 20 км/сағ

Жауабы: U орт = 20 км/сағ

Автор:
М.И.ИНАХАНОВА Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Үштөбе қаласы