Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісулық жастар танымал спортшылармен кездесті


4 ноября 2020, 05:16 | 383 просмотра



Бүгін, Талдықорған қалалық партия филиалында өңірдегі танымал спортшылардың жастармен кездесуі өтті.

Кездесу қонақтары олимпияда чемпионы, Азияның екі дүркін чемионы, әрі спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев және шинкиокушинкай каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйінов болып, спорт саласындағы жетістікке жету жолымен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров және қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев сөз алып, бұл шараның мән маңыздылығына тоқталып, өңірдегі спорт саласындағы партия мүшелерінің еңбегін де атап өтті.

Шара соңында жастар өңірдің танымал спортшыларымен жеке фотоға түсіп, әлеуметтік желілеріне де жүктеді.

Жалпы, өңірімізде соңғы дерек негізінде (9 ай бойынша) дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін  3592 бірлік спорттық құрылымдар бар, олар: 25 стадион, 2 спорт сарайы, 11 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 31 спорт кешені (оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені),  2 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб,  1 конькимен жүгіру стадионы, 19 хоккей корты, 2105 жазықтық құрылым, 26 теннис корты, 7 ипподром, 50 бассейн, 879 спорт зал, 178 жалғасып салынған спорт залдар.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы