Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Тамыр бөлімдері


25 декабря 2010, 13:48 | 6 507 просмотров


1) Сабақтың мақсаты: оқушыларға тамыр бөлімдерінің құрылысы, атқаратын қызметі, тамырдың өсуі туралы.

2) Дамытушылық: оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруде ойлау қабілеттерін, білім деңгейін, сөз байлығын дамыту.

3) Тәрбиелік: табиғаты қорғауға, аялау-

ға, өз ойларын нақты деп айта білуге баулу, жылдамдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта , кестелер.

Сабақтың түрі жаңа сабақты меңгеру,

Әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1). Ұйымдастыру кезеңі:

2).Жаңа тақырыпты түсіндіріңіз.

1)Интерактивті тақта арқылы тамырдың суретін көрсетіп оқушыларға түсінік беру.

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу, сору, өткізгіш деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді.Тамыр ұшындағы өсу нұктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Тамыр оймақшысның сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды.Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы,ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдірі өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндір түзелед. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.

Сору бөлімі өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады.

Өткізу бөлімі сумен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

БЕКІТУ: деңгейлік тапсырмалар.

1.Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар.

2.Тамыр түктері бар аймақты неліктен сору аймағы деп атайды?

3. Бөліну аймағында неше қабат болады?

4. Тамыр бөлімдерінің орналасуын сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер.

5.Жанама тамырлар қай бөлімнен дамиды?

КЕСТЕНІ КЕҢІРЕК ЕТІП, БӨЛЕК ҚАҒАЗҒА СЫЗЫП ТОЛТЫРЫҢДАР. Онда тамырдың бөлімдері, атқаратын қызметі жазыңдар

ҚОРЫТЫНДЫ: Тамыр ұзындығына, ат-қаратын қызметіне қарай тамыр оймақшасы, бөліну, созылу, сору, өткізгіш деп бөлінеді.

Бағалау.

Үй тапсырмасы.

Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.

1.Пиаз 3.сәбіз 5. Асқабақ 7.ермен 9. асбұршақ

2.Қауын 4. Жүгері 6.күріш 8.қамыс 10. сұлы

Автор:
Г.Б.РЫСБАЕВА, Сұптай орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Панфилов ауданы