Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОРТА ТАС ҒАСЫРЫ


25 декабря 2010, 07:47 | 4 169 просмотров



Мақсаты:

Білімділік: орта тас ғасыры туралы жалпы түсінік беру

Дамытушылық: логикалық жүйелеу, топтастыру, ой қорытуға дағдыландыру

Тәрбиелік: оқушыларды өз елінің тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, мәдени мұра жәдігерлеріне көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: тас ғасыры картасы, үлестірмелі құралдар, интерактивті тақта, тест жұмысы, мезолиттік еңбек құралдарының суреттері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау, жарыс

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

А) тас дәуірінің кезеңдері, жылнамасы (әр оқушы өзінің трек карточкасы арқылы жауап береді )

Ә) алғашқы адамдарды суретте (ауызша жауап береді)

Б) алғашқы адамдар суықтан қалай қорғанғандығы туралы 3оқушы шығармасын оқиды

В) тест сұрақтарына жауап беру;

1. Палеолит дәуірінің 5000 еңбек құралдары табылған жер (Бөріқазған, Шабақты Жамбыл обл.)

2. Адамдар мен маймылдардың айырмашылығы (еңбек құралдарын пайдалануы)

3. Жер бетінің суй бастауы (100мың жыл бұрын)

4. Мұздың еруі (13мың жыл бұрын)

5. Ине неден жасалынды (сүйек)

6. Жіп орнына не пайдаланылды? (жануарлар сіңірі)

7. Ерте тас ғасыры тұрақтарының көне ескерткіші табылған жер (Шақпақата, Арыстанды)

8. Екі жағынан өңделген тас құрал (бифас)

9. Кертік ою әдісі (ретушь)

10. Неандерталь баланың сүйегі табыл-ған жер (Өзбекстандағы Тесіктас үңгірі)

11. Саналы адам сүйегі табылған жер (Франциядағы Кроманьон үңгірінен б.з.б. 40-35мың жыл бұрын)

12. Семізбұғыдан не табылды? (жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар)

Әр жұп өзара тексеру жұмысын жүргізіп, баллдарын есептейді.

IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Орта тас ғасыры (мезолит) б.з.б. 12-5мың жылдықтарды қамтиды.

Микролиттер – ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал 1-2см.

Садақ пен жебе мезолиттің басты жаңалығы.

Аңшылық негізгі кәсіпке айналды.

Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендері жағалауларын мекендеді.

20дан астам мезолиттік тұрақтар табылды.

Есіл өзені аңғарынан көлемі 40-60 шаршы м. баспана табылды.

Бағыштау- балалардан ересектер тобына өту.

10мың жыл бұрын егіншілік пайда болды.

Терімшіліктің дамуы егіншілікке алып келді.

Тас орақ пен дәнүккіш-егіншіліктің алғаш-

қы құралдары.

Жануарлар қолға үйретілді.

Дәнді дақылдар өсірілді.

Адамдар үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеген аңдардың соңынан көшіп жүрген.

Сиыр, қой, ешкі, шошқа өсіріп, итті қолға үйретті.

Слаидтар арқылы суреттерін көрсету, картадан мекендеген жерлерін көрсету.

IV. Сабақты бекіту сұрақтары:

Интерактивті тақтада берілген кестені 3топ жарыса отырып толтырып шығуы керек

Топтарға ауызша сұрақ беріледі

1.Рулық қауымның өмірі туралы суретте

2.Еңбек құралдарына сипаттама бер

3.Терімшіліктің-егіншіліктен, аң аулаудың-мал шаруашылығынан айырмашылығы туралы ойларың қандай?

V.Сабақты қорытындылау:

INSERT стратегиясы бойынша 3 қатардан оқушылар шығып жаңа сабақты қорытындылайды:

Білемін Білмеймін Мен үшін жаңалық

Сабақ бұрыннан бөлінген топтар арасындағы жарыс түрінде өтеді. Топ басшылары әр оқушының өткен сабақтан және жаңа сабақтан алған баллдарын есептеп отырады. Тест сұрақтарына жауап беру арқылы ҰБТға дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар білімі сараланып, бағаланады.

VI. Үйге тапсырма беру: §4. Негізгі ұғымдарды жаттау, тестке дайындалу

Автор:
Ж.А. ҚҰЛАХМЕТОВА тарих пәнінің мұғалімі «Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі Алмалы ауылы Сарқан ауданы