Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кәсіподақ жұмысына серпін болмақ


9 ноября 2020, 10:26 | 736 просмотров



Қазір елімізде кәсіподақтар жұмысы қарқынды. Олай болар жөні бар. Өйткені кәсіподақтар жұмысы қоғам өмірін тұрақтандыру үшін ауадай қажет. Айталық, еңбек адамдарының заңды құқықтарын жан-жақты қорғауда кәсіпорындарда еңбек дауларының алдын алып, шиеленіскен жағдайға дейін жеткізбей, көптеген әлеуметтік мәселені жергілікті жерлерде, еңбек ұжымдарында жедел шешіп беруге жол ашып беріп отырады.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Мұндағы мақсат – кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіруде әртараптандырылған шараларды қолға алу.

 - Кәсіподақ — мемлекет пен жұмыс берушіге тәуелсіз, жалдамалы жұмыскерлердің экономикалық мүдделерін, құқығын ұжымдық шарт сынды түрлі құралдармен қорғайтын қоғамдық ұйым. Кәсіподақтар азаматтық қоғамға ынтымақтастық, әділдік, береке-бірлік тәрізді қажетті құндылықтарды енгізеді. Бұл құрылымдардың бастапқы міндеттерінің бірі — қоғамдық мүдделерді теңестіру және дауларды алдын ала келісім аясында реттеу, - деді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы.

Жиын барысында Алматы облысының кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әсет Қыдырманов өңірде атқарылған оңтайлы жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық партия филиалы мен облыстық кәсіподақтар федерациясы арасында жасалған меморандум аясында атқарылар шаруаларға тоқталып өтті. Сонда ғана жүйелі жұмыс байқалмақ.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы