Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Облыстық конференция: үміткерлер сөз аламанына қатысты


16 ноября 2020, 05:26 | 1 305 просмотров



«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясында Мәжіліс депутаттығына кандидаттыққа 26 үміткер қатысып, өзара пікірсайысқа түсуде. Кандидаттар ережеге сәйкес 3 топқа бөлінді.
Алфавиттік кезекпен үміткердің аты-жөні аталып, әр үміткер ортаға келіп үстел үстінен жеребе қағазын алды.
Пікірсайыс 2 раундпен өтуде:
- бірінші раундта әр қатысушы үміткер өз бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырады.
- екінші раундта үміткерлер арасында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас сессиясы өткізіледі. Әрбір үміткер пікірсайыстың бір қатысушысына бір ғана сұрақ қоя алады. Бір рет жауап берген үміткерге екінші рет сұрақ қойылмайды. Әр қатысушыға сұрақты тұжырымдауға 20 секунд, жауап беру үшін 1 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Уақыт аяқталған сәтте, гонг соғылады. Сол кезде үміткер сөзін тоқтатуға тиісті.

Автор:
Ғазиз Аманжолұлы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы