Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН « ХХI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»


25 декабря 2010, 07:45 | 8 646 просмотров


Құрметті ұстаздар, оқушылар! « ХХI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Мектебімізде жаратылыстану – математика бағыты бойынша оқытылатын пәндер апталығы өтіп жатқаны бәріңізге белгілі. Бүгінгі интеллектуалды ойынымызды әсем әнмен ашуға рұқсат етіңіздер!

Білім-егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу. ХХI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары ел экономикасына үлес қосушы деп білеміз. Осы отырған жастар ертеңгі ел болашағын ойлайтын, білімді азамат пен азаматша сіздерсіздер!

Бүгінгі сыныптан тыс сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың биология, география, математика, әдебиет пәндері бойынша алған білімдерін нығайту, пайдалана білу,іскерлікке, жан-жақтылыққа баулу.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты арттыру. Тапқырлыққа, жүйріктілікке, белсенділікке дағдылау.

Тәрбиелік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін,әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Ғылымның ізін қуып, оқу мен білім нәрін сусындатқан мына сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

1 . 4.

2 . 5.

3 . 6.

Бүгінгі біздің доданың тақырыбы табиғатқа арналады. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, бұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты аялау, қастерлеу әрбір адамзаттың парассатты парызы.

Табиғат, қанымды алсаң алшы менің,

Кім білсін бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды

Кім білсін қай күні сен қырқарынды

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды.

-деп, Мұқағали атамыз секілді ұлы бабалар үлкен үміт арттырған ұрпақтарының бүгінгі бір бөлігіне сәттілік тілейміз.

Енді ойынымыздың 4 түрімен таныстырайын:

I кезең. «Бәйге» III кезең. «Егерде мен...»

II кезең. «Тіл өнері» IV кезең. «Жорға»

Енді бүгін ойынымызға әділ баға беріп отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

1 3

2 4

I кезең. «Бәйге»

Бұл кезеңнің шарты мынадай: мұнда 15 сұрақ қойылады.

Алдыңгы белгіні бірінші көтеріп үлгерген ойыншы жауап беру құқығына ие болады, егер жауабы дұрыс болса сол ойыншыға 10 ұпай беріледі .

1. Жер шарын бірінші айналып шыққан саяхатшы.

(Ф.Магеллан)

2.Қайта қалпына келетін табиғат ресурсы

(Биологиялық)

3. Қазақстан ауыл шаруашылығы жері жағынан ТМД елдері ішінде нешінші орында (2)

4.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

(Микология)

5.«Әлемнің әйгілі әйелдері» энциклопедия-

сына енген әйгілі қазақ

әйелі (Р.Бағланова,1922 ж )

6.Австралияның байрығы тұрғындары тіліндегі « түсінбедім» деген аң аты (кеңгіру)

7.Қ.Р. Қызыл кітабының алғашқы басылымы (1978)

8. «Сөз жүректен шығады сөзінің авторы (Абай)

9.Ересек адамның барлық сүйегінің саны (200-астам)

10.Қарағандыкөмірін ең алғаш тапқан адам (Ә.Байжанов)

11.Орта Азияда ең ірі шөл (Қарақұм)

12.Қызыл көзшесі бар талшықты балдыр (Хламидоманада)

13. Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым (И.П.Павлов)

14. Катализатор дегеніміз не?(Реакцияны тездететін, нәтижесінде өзгермейтін заттар)

15. Ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы, Тынық мұхиты)

Әділқазы мүшелері, сайыскерлеріміздің ұпай сандарын атасаныздар

II кезең. «Тіл өнері»

Шарты:мына табақта әр түрлі мақал-мәтелдерден,ақын ғұламалардың сөздерінен 1 сұрақтан тұратын 6 карта берілген.Арасында қалдырылған сөзді дұрыс тауып 10 ұпай, орыс тіліне аударса 20 ұпай, ал ағылшын тілінде атаса 30 ұпайға ие болады. Бірінші таңдау кезегі ұпай саны аз сайыскерге беріледіБарлық сайыскерлер сұрақтарға бірақ рет жауап бере алады.

№1. Ауызы жаман елді былғайды,

. . . жаман төрді былғайды (аяқ)

№2. Құлагер, шешең сұңқар әкең тұлпар,

Соғып ең дөненінде . . . арқар (сегіз)

№3. Кестенің сыры – түрінде, . . . сыры түгінде (кілем)

№4. Ауыз жесе, . . . ұялар (көз)

№5. Ұлы Аристотель сөзі:

. . . – қимыл-қозғалысты талап етеді (өмір)

№6. Ел аш болса, тоқпын дегенің . . . ,

Ел тоқ болса, жоқпын дегенің . . . (өтірік)

Әдділқазы алқасы, сіздер қортындылап іріктегенше (ұпай саны аз

екі ойыншы ойыннан шығарылады) көрермен оқушыларға жұмбақтар

жасырылады.

III кезең. «Егерде мен . . .»

Халыққа атағы кең жайылған Балаби қартайған шағында халқын жиып:

Жерден ауыр не? Оттан ыстық не?

Судан терең не? Көктен биік не?

-деп,4 сұрақ берген екен.Ешкім бұл сұрақтарға жауап таппаған.Сонда Балаби өз сұрақтарына өзі жауап береді.

Балабидің орнына сіздер не айтар едіңіздер?

Жерден ауыр – ақыл, білім,

Судан терең –оқу,ғылым

Оттан ыстық –фэни жалған адам өмірі

Көктен биік –тәкапардың көңілі,-деп жауап берген екен.

Әділқазы алқасы сайыскерлердің жауап бергеніне қарай ұпай санын

берсеніздер, қортындылап, ұпайы аз 2 сайыскерді қошеметпен

шығарып салсақ.

IV кезең. «Жорға»

Шарты:1 минут ішінде 10 сұрақ қайылады, сұрақ жауабын таппаған

жағдайда келесі сұрақ тыңдауларынызға болады.Дұрыс жауапқа 10

ұпай беріледі.

1- ойыншыға

1.Ең алғаш ксероксті қай жылы кім ойлап тапты?(1938 жылы американдық Ч.Карлсон)

2.Ересек адамның орташа қан көлемі (4,5-5л)

3.Ең ұзын поэма (Қырғыздын «Манас» поэмасы)

4.Балықтарды зерттейтін ғылым (ихтиология)

5.Жер макеті (глобус)

6.Тенгенің шыққан жылы (1993 жылы 15 қараша)

7.Зат алмасу процесі не деп аталады (метаболизм)

8.Математикаға X, Y, Z-ті енгізген ұлы ғалым-математик (Рене де Карт)

9.Бидай тұқымының ішкі бөлігі (эндосперм)

10.Ағылшындардың тосап(варения) жасайтын бөлме өсімдігі (кактус)

11.Крахмал,спирт алынатын өсімдік (картоп)

12.Дүние жүзіндегі ең ұзын жапырақты өсңмдік (рафия пальмасы)

2-ойыншыға

1.Ең алғаш скочты кім және қашан ойлап тапты (1928 жылы Р.Дрю)

2.Ересек адамның миының орташа массасы (1300-1400 гр)

3.Ең ұзақ музыкалық шығарма (17-соната)

4.Жасушаның құрылысын зерттейтін ғылым (цитология)

5.Қазақстанның ең биік шыңы (Хан-тәңірі)

6.Францияның валютасы (евро)

7.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш (эвкалипт)

8.Алғаш рет математикаға «0-нөлді» енгізген кімдер (үндістер)

9.Жүйке жүйесінің жасушасы (нейрон)

10.Иод алынатын өсімдік (балдыр)

11.Қазақстандағы жауын-шашыны мол жауатын аймақ (Алтай өңірі)

12.Страус жұмыртқасының қабығының салмағы (120 гр)

Әділқазылар алқасы ең соңғы IV кезеңнің ұпай санын санасаңыздар.

Қорытынды құттықтау сөзі . . .

Сонымен, бүгінгі ұйымдастырылған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымыздың женімпаз-

ын қарсы алайық!

Білімді, ұшқыр ойлы, өнерлі ойыншыларымыз қатысатын білім сайыстарында кездескенше!

«XXI ғасыр көшбасшысы» атты ән орындалады.

Автор:
А.ТАСКЫНБАЕВА, Қ.Терібаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі