Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Махаббаттың тар соқпағы


25 декабря 2010, 07:44 | 2 409 просмотров



Күн шуағын жерге төгіп, өзінің нұрымен әлемді жылытқан,жайма шуақ жаз мезгілі. Айнұр мен Әлия саябақта таза ауа жұтып,болашақтары жайлы әңгімелесіп отыр еді. Айнұр орнынан атып тұрып :

– Әлия, Әлия,қарашы не деген сымбатты жігіт!,- дейді таңданған кейпімен.

– Қай жерден көріп тұрсың?-деп Әлия көзімен айналаны шолып.

–Әне,ана көліктің ішіне қарашы,-деп қолымен нұсқады.

–Көре алмай қалдым,ақ көлік пе?

–Ия, не деген сымбатты жігіт,сірә бай болар, -деп Айнұр орнында ұзақ ойланып тұрып қалды.

–Айнұұр, саған не болды, сонша ойланып кеттің ғой? Сен айтқандай бай, әрі сымбатты болса, бізге қайдан қарасын (күліп) біздің ауылда адасып жүрген болар,-деді.

–Жаным-ау, сен де қызықсың, Періште қызды есіңе түсірші, ханзада мен кедей қыз, бізде де сондай мүмкіндік болар,-деп Айнұр әрі қарай ойға шомылып кетті.

–Жарайды, қойшы соны,одан да үйге қайтайық, тым кеш болып кетті,- деп Әлия мен Айнұр қоштасып үйлеріне қарай бет алды. Әлия үйіне келе жатыр еді, артынан бір көліктің келе жатқанын сезді. Әлия аяғын жылдамырақ басып, үйіне қарай асығыс жүріп кетті. Көлік жылдам келіп, Әлияның қасына тоқтай қалды, Әлия шошып кетіп, не істерін білмей, сасып қалды.

–Қарындас, қорықпаңыз,-деп көліктің ішінен бір жігіт атып шығып:

–Мен сізбен танысайын деп едім, қорқытып алдым-ау деймін, айыпқа бұйырмаңыз,-деп жігіт кешірім сұрайды.

–Атым Руслан болады,-деп жігіт қолын ұсынды.

–Әлия,-дейді қыз жымия. Екеуі қол алысқанда Әлияның жүрегінде бірнәрсе жыбыр ете қалды.

–Тым кеш болды ғой, қалай жалғыз жүрсіз, үйіңізге жеткізіп салайын ба?, -дейді жігіт көлігінің есігін ашып тұрып.

–Жоқ, рахмет, мен үйге жетіп те қалдым, -деп қыз көлікті көріп шошып кетті.

–Мен үйге қайтайын,- деп қыз бұрыла беріп еді, жігіт білегінен ұстап:

–Тоқтай тұрыңызшы,ұялы телефоныңыздың нөмірін бересіз бе, -деп жігіт қолын жібере салып, ұялып қалды.

–Жазып алыңыз, - деп Әлия өзінің нөмірін береді,бірақ жігіттің нөмірін сұрауға ұялады. Сөйтіп қыз үйіне кетіп қалады, ал жігіт қыздың соңынын ұзақ қарап, тұрып қалады. Әлия үйіне келіп, жүрегі дүрсілдеп, қуанып, өз сезімін өзі билей алмай қалады. Не болғаны белгісіз, әйтеуір жүрегі тез-тез соғып, бір қуаныш сезімі жүрегін билеп алды. Әлия түнімен көз іле алмай, аунақшып жатып, есі-

не Айнұр екеулерінің сөйлескендері түсіп кетті және өздері көрген көлік те есіне түсіп, жатқан жерінен атып тұрып:

–Сол, дәл өзі, қалай ғана бағана байқамай қалдым,-деп өзімен өзі сөйлесіп жатты және жігіттің:

–Ұялы телефоныңызды сөндірмеңіз, ертең қоңырау шаламын,-деген сөзі есіне түсіп, күлімдеп ұйықтап қалады.

Сөйтіп күндер өте береді, бірақ жігіт әлі қоңырау шалған жоқ. Қыз мұңайып, қолынан ұялы телефонын тастаған емес. Осы жылы Әлия он бірінші сынып бітіріп, жоғары оқу орнына түсуі керек еді. Ақысыз оқуға түсу үшін, барын салып дайындалып, тек сабақ жайлы ойлауға бел байлайды. Сөйтіп жүргенде ұялы телефонына бір белгісіз нөмір қоңырау шалады:

–Алло, бұл кім екен?-деп байыппен сұрайды.

– Сәлем, алдында танысып едік қой, Руслан боламын,-деп жігіт сасқалақтап жауап береді.

–А ия, сәлем,-дей беріп еді,жігіт:

–Мүмкін бүгін кездесерміз, жақынырақ таныссақ қалай қарайсыз?,-дейді.

Екеуі келісіп, кешке таман кездесіп, ұзақ әңгімелесіп отырады. Келесі күні жігіт қызды кездесуге шақырады. Күннің батуын бірге тамашалап, далада ұзық жүреді. Екеуі сөйтіп бір-біріне ғашық болып, кездесіп жүреді. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Русланның қалада жұмысы бар еді, соған кететінін қызға айтып, қалаға оралады. Екеуі тек ұялы телефондары арқылы бір-біріне хабарласып тұрады.

Айлар өтіп, Әлияның он бірінші сыныпты бітіретін кезі таяп қалады. Әлия анасының үмітін ақтау үшін дайындалып жүреді. Тест сынақтары өтетін күн келді, Әлияның осы бір күн бүкіл өмірін шешетіндей болып, жүрегінде қорқыныш сезімі пайда болады. Әлия жал-

ғыз анасы және сіңілісімен тұратын. Үйден анасының ақ батасын алып, шығып кетеді. Сынақтар бітіп, нәтижесін білуге асығады. Осы күні тапсырған түлектердің ішінде ең көп ұпай алған Әлия болып шығады. Оның қуанышында шек жоқ, жел болып ұшып кетуге даяр болып, үйіне қарай жүгіреді. Сөйтіп ол жоғары оқу орнына түсіп кетеді.

Қалаға келіп, жатақханаға орналасады. Бүгін Әлияға өмірде өзінен басқа бақытты адам жоқ болып сезіледі. Отанымыздың жас-

тар қаласы және оның ең беделді оқу орнына түсу Әлияға арман болатын, енді сол арманы орындалғанына сенер емес. Дәл сол күні Әлия Русланға хабарласып, келгендігін айтады. Бірақ ол бүгін қолының бос еместігін және қолы босағанда өзі қоңырау шалатындығын айтады. Әлия бұған аса мән бермейді, өйткені Русланның жұмысы бастан асатын еді. Университетте оқу Әлияға қиын түсті, өйткені бұл жерде Әлиямен ешкім сөйлеспейтін, тек жалғыз Құндыз деген құрбысы бар.

Құндыз- бай отбасынан шыққан, ақылды, санасы ояу, досқа адал, дұшпанға қатал қыз. Отбасында жалғыз өзі, анасы қайтыс болған, әкесімен бірге тұрады. Әкесі үйде көп болмайды, жұмыстары көп.

Бірде Құндыз Әлияны өзінің туған күніне үйіне шақырады және өз жігітімен таныстыратынын айтады. Әлия қуана келіседі. Кейінгі кездері ол көңілсіз еді. Себебі, әр кез Руслан-

ға қоңырау шалғанда сөндірулі болады да тұрады. Бүгін де қоңырау шалып еді, жауап бермеді. Әлия Құндыздың үйіне келсе, ол жалғыз екен. Оның артынан іле-шала Құндыздың жігіті кіріп келгенде, Әлия өз көзіне сене алмады. Бұл Руслан болып шықты. Ол үндемей орнында тұрып қалды.

Құндыз бөлмеге кіріп:

–Танысып қойыңдар,-деп екеуін таныстырды.

Екеуі бірін-бірі танымайтындай қол алысты. Кеш бойы Әлия ызыдан булығып, жүрегі өртеніп әрең отырды, ал Руслан үн-түнсіз тек сұрақтарға басын изеп қана жауап берді. Қайтар кезде Құндыз Русланға Әлияны үйге жеткізіп салуын тапсырады. Құндыз үйге кіріп кеткенде, Әлия Русланға жақындап келіп, бетінен шапалақпен салып қалады. Кеш бойы тыйып отырған көз жасы ытқып-ытқып шығып кетеді. Руслан Әлияны құшақтап алып:

–Кешірші, өтінем, кешірші,-деген сөздерді ғана айтады. Әлия оны итеріп жіберіп, жылап жүгіріп кетіп қалады...

Келесі күні Құндыз Әлияға өздерімен бірге саябаққа баруға шақырады. Әлия ауырып тұрғандығын айтып, жатақханаға кетіп қалады. Бірер сағаттан кейін, Құндыз бен Руслан жатақханаға келіп, Әлияны бірге алып кетеді. Саябақта Руслан Әлиядан көз алмайды. Уақыт өте келе Әлияға деген сезімі қайт оянады. Құндызға деген сезімдерінің берік еместігін байқаған ол, Құндызбен айырылысуға бел байлайды. Бұл жағдайдан кейін Құндыз ұзақ уақыт бойы өз-өзіне келе алмай жүреді. Бірде ол Русланның Әлияға деген сезімін байқап қояды. Осыны білгеннен кейін көз жасы тыйылмай, тіпті үйден де шықпайтын болды. Әлия оның қал-жағдайын білуге үйіне келеді. Құндыз оны жақсы қабақпен қарсы алмайды. Әлия мұны сезіп мәнісін сұрайды.

–Саған кейінгі кездері не болып жүр? Университетке де келмейтін болдың ғой, -деп Әлия Құндыздың қасына келіп отырады.

–Қазір ештеңе сұрамашы,-деп Құндыз артқа бұрылып жатып қалды.

–Айтшы, не болып қалды, бұлай қиналғаныңа не себеп болды?

–Сендер мені алдай алам деп ойлайсыңдар ма әлде мені ештеңе білмейді дейсіңдер ме?!

–Сен не айтып тұрсың, түсінбедім,-деп Әлия ойланып қалады.

–Руслан екеулерің...мен бәрін білдім, сендер менің артымнан неге бұлай істедіңдер,неге айтпадың,сен менің ең жақын құрбым едің ғой..бұл қалай болғаны екеуміз бір жігітті сүйіп қалғанымыз ба?-деп айқайлап,жылап жіберді.

Бұның бәрін есіктің артынан әкесі естіп тұрған еді. Қызының мұнша қиналғандығының себебін енді білді. Жалғыз қызының қинал-

ғандығының себебі Әлия екеніне көзі жетіп, шара қолдануға ұйғарады. Русланның әкесіне хабарласып, кездесулері керектігін айтып, үйден шығып кетеді. Ал Әлия болса қыз жатқан төсектің қасына келіп, отырып:

–Сен мені дұрыс түсінбедің, мен сені ренжітетіндей ештеңе істегенім жоқ. Иә, біз бұрын кездесетінбіз, бірақ қазіргі кезде менің оған деген сезімім өшкен. Ол маған бірге болайық деп ұсыныс жасады. Ал мен келіспедім, өйткені сен менің жар дегенде жалғыз құрбымсың, мен сені қалайша бақытыңнан айырам? Сен маған бәрінен де қымбатсың,- дей беріп еді,

–Неге сен бұрын онымен кездескеніңді айтпадың?-деп Құндыз төсектен басын көтерді.

–Ол өткен оқиға, оны айтып сенің көңіліңді түсіргім келген жоқ,-деп Әлия Құндызды құшақтайды. Құндыз оның шынайы айтып тұрғанына көзі жетіп, екеуі бір-бірінен кешірім сұрайды. Бірақ, өкінішке орай бұл сөздерді қыздың әкесі естімей қалады. Ол асығыс шешім қабылдап, Русланның әкесімен кездеседі және барлық болып жатқан жайды айтады. Екеуі келісіп, Әлияны Құндыздан алыстатуға, содан кейін Руслан мен Құндызды үйлендіруге шешім қабылдайды. Келесі күні Құндыз университетке қайта оралып, Әлиямен достығын жалғастырады. Әлия мен Құндыз дүкен аралауға шығады. Жолдан өтіп бара жатқанда, бір көлік үлкен жылдамдықпен келе жатқанын Құндыз көріп не істерін білмей сасып қалады. Сонда Құндыз Әлияны жолдың шетіне итеріп үлгереді де, өзі көліктің астына түседі. Қыз сол жерде жан тапсырады. Әкесі болған оқиғаға Әлияны кінәлап, қызды сотқа береді. Әлияны іздейтін ешкім де жоқ еді, жалғыз анасы шырылдап не істей алады? Тым болмаса қолдарында қаражат та жоқ. Әлия Құндыздың өлгеніне өзін кінәлайды. Сот қызды түрмеге отырғызуға шешім қабылдайды. Әлияны қызды әдейі көліктің астына итеріп жіберді деген үкім шығарады. Көліктің иесі мұны растап, өз кінәсін Әлияға жабады. Қыз нақақтан-нақақ түрмеге отырады. Түрмеге бірде Руслан келеді. Ол болған оқиғаға әкесінің кінәлі екенін білгеннен кейін өзін Әлияның алдында кінәлі санайды. Бірақ Руслан әкесінен қатты қорқатын және әкесіне қарсы шыға алмайтын. Содан Әлияға шыдай тұруын, уақыт өте шығарып алатынын айтады. Әлия оған сеніп, үмітін сөндірмейді. Ол темір торда бір жыл жатады. Бірде темір тордың есігі сықырлап ашылып, қызға тез киімін жинап шығуын бұйырады. Қыз не болғанын түсінбей қалады, сонда Құндызды қаққан көліктің иесі өз кінәсін мойындаған екен. Мүмкін оны ар-ұяты қинаған болар? Әлия қуанып, анасына хабарласып, түрмеден босағанын айтады. Бірақ Әлияның барар жері жоқ еді. Университеттен шығарып жіберді, жатақханаға кіргізбейді. Сөйтіп ойланып жолдан өтіп келе жатқанда, жолдың ар жағында Русланның басқа қызбен кетіп бара жатқандығын көріп, орнында тұрып талып қалады. Дәл жолдың ортасында қыздың талып жатқанын көрген көлік иесі тоқтап, қызды өз көлігіне салып, ауруханаға жеткізеді. Әлия ұзақ уақыт дұрыс тамақтанбаған және көрген бейнеті ауыр болып, жүйке жүйесі шаршағандықтан өз-өзіне әрең келеді. Көзін ашса, көз алдында бір жігіт отыр екен. Ол шошып кетіп, басын көтеріп:

–Мен қайдамын? Сіз кімсіз?-дейді.

–Сіз жолдың ортасында талып қалдыңыз, мен сізді осы ауруханаға жеткіздім.

–Біз таныс па едік, сізді қай жерден көріп едім?-деді қыз есіне түсіре алмай ойланып.

–Арманов Рахат, әншімін ғой.

–Аа, сізге масыл болдым-ау, кешірім сұраймын, - деп орнынан тұрайын деп еді,

–Жоқ, сізге тұруға болмайды, жата беріңіз, - дейді Рахат.

–Мен бұл жерде қала алмаймын, менің ауруханаға төлейтін ақшам да жоқ,- деп орнынан тұрып қалып еді, басы айналып, құлап қала жаздады.

–Рұқсат етсеңіз мен бәрін өзім шешейін, сіз жата беріңіз, - деп Рахат шығып кетеді.

Келесі күні Рахат ауруханаға келеді. Әлия оған рахмет айтып, ауруханадан шыққаннан кейін бәрін қайтаратынын айтады. Рахат Әлия-

дан қандай оқиғаға душар болғанын сұрайды. Әлия болған жайды басынан аяғына дейін баяндап береді. Рахат көп ойланып отырады. Байқаусызда көзі орындықтың үстінде тұрған дәптерге түседі.

–Мынау не? Көрсем бола ма?-деп дәптерді ашып, оқи бастайды.

–Мұны мен түрмеде отырғанда жазғанмын, бір кітап шығар,-дейді Әлия.

–Керемет, өте жақсы жазған екенсіз!

–Рахмет, бірақ бұл кімге керек, жай өзім үшін жазғанмын,-дейді қыз мұңая.

–Неге олай дейсіз? Мен мұны алып кетсем бола ма? Таныстарым бар еді, соларға көрсетейін. Бірер жерін түзетіп, баспаға шығаруға болатын шығар,- деп ол қоштасып шығып кетеді.

Әлия ауруханадан шығып, Рахат оған уақытша тұратын үй тауып береді. Әлияның жазғандары Рахаттың достарына ұнап, оны баспадан шығаруға көмектесетіндерін айтады. Рахат бұл қуанышты хабарлы Әлияға айтады. Сөйтіп Әлияның тырнақ алды туындысы жарыққа шығады. Осыдан кейін Әлия баспамен келісім шартқа отырады. Алғашқы өтемақысын алып, ол Рахатты бірге тамақтануға шақырады. Екеуі бірге Әлияның алғашқы қадамын атап отырғанда, Әлия:

–Сізге бір сұрақ қоюға бола ма?

–Қоя беріңіз.

–Осы уақытқа дейін көмектескеніңізге көп рахмет! Бірақ мұның бәрін не үшін істедіңіз?

–Шынымды айтсам, басында сізді қатты аяп кеттім. Құдай сізді әдейі маған соқтықтырған шығар, ақыры кездесіп қалғанымыз бекер емес шығар деп көмектесуге ұйғардым. Ал енді сізге бір сұрақ қоюға бола ма?

–Ия, сұраңыз.

–Осындай жас бола тұрып, басыңыздан көп қиындық өткізгеніңізге таң қалам. Сіздің орныңызда басқа адам болса, шыдай алатын ба еді деп те ойлаймын. Бірақ өмір жалғаса береді. Екеуіміз бірге өткізген күндер маған өте қымбат. Осы күндерді әрі қарай жалғастыруға қалай қарайсыз?

Менімен бірге боласыз ба?- деп үстелдің үстінде тұрған гүлді береді.

Қыз аң-таң. Бұлай болады деп ешқашан ойламаған еді. Әлия өз келісімін береді. Бір апта өтпей Әлияның шыққан кітабы өте танымал болып кетеді. Көшеде көрген адамдар Әлияны танып, қолтаңба алатын да еді. Енді Әлияны көптеген баспаханалар өздеріне шақыратын болды. Сөйтіп Әлия атақты болып, Рахат екеулері некелерін қидырады.

Автор:
Жумажанова Әсемгүл Кадырбековна №5 орта мектеп, 11а сынып оқушысы