Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖИЫН


20 ноября 2020, 08:01 | 196 просмотров



«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалында Алматы облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаз жастарымен кездесті. Олар өмір жолдарын мысалға келтіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды сөз етті.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың қатысып, жастар тарапынан атқарылып жатқан игі істерді назарға ұсынды.

- Белсенді жастарымыздың атқарған жұмыстары ауқымды. Мысалға, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 152 Ұлы Отан соғысы және тыл еңбек ардагерлеріне азық-түлік түрінде және 80 ардагерге мекен-жайлық көмек көрсетілді. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету бойынша штаб құрылып, 15 жүк көлігі керуенімен 260 тонна азық-түлік пен құрылыс материалдары жөнелтілді, - деген Жанболат Әкебайұлы пандемия кезінде «Biz Birgemiz», «Бетперде тақ, жақыныңа жанашыр бол!», «Дәрігерлерге мың алғыс» секілді акциясы аясына іске асқан шараларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздар жайлы да ерекше атап өтті. - Жоба жеңімпаздарының атқарған жұмыстары ауқымды. Елдос Баялышбаев – мүгедектерге арналған фитнес орталығын ашып, талай жанға қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Алакөл жағасында пансионат ашып, әлеуметтік кәсіпкерлік саласын жүргізуде. Тағы бір жеңімпазымыз – Елдар Сапаров – облысымызда үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеуде облыстық азаматтық альянсын қолға алып, жастардың ісімен де белсенді жұмыстарды жүргізуде, өңіріміздегі жас әрі белсенді депутаттардың бірі.

Жиында сөз алған Елдар Сапаров, Елдос Баялышбаев мемлекеттік бағдарламалар арқылы еліміздің өсіп, өркендеуіне үлес қосуға болатынын, кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалғанын айтты. Баспанасыз, жұмыссыз жүрген жастардың жайын да тілге тиек етіп, олардың санын азайту жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, соған сай тұщымды жауап алды.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі