Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мәжіліс сайлауына «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді


26 ноября 2020, 09:17 | 251 просмотр



Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы, ал 49 адам орталық партиялық квота бойынша анықталды.

 Кандидаттардың жалпы тізімінде Парламент Мәжілісінің қызметтегі депутаттары 20%-тен аспайды, мемлекеттік басқару саласының өкілдері - 13%, білім және денсаулық сақтау саласы – 12%, үкіметтік емес ұйымдар – 9% және өнеркәсіп – 8% болды.

Сондай-ақ, экономистер – 28%, заңгерлер – 20%, кәсіпкерлер – 17%. Ал 21 үміткердің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 10-ы – ғылым докторы,  11-і – ғылым кандидаты.

Тізімнің үштен бірі – әйелдер. Кандидаттардың орташа жасы бұрынғы партиялық тізімдермен салыстырғанда 4 жылға төмендеп, 48 жас болды.

Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясының праймеризіне 10 мыңнан астам кандидат, ал республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мыңнан аса адам немесе барлық нұротандықтардың 84%-ті қатысты.

Оның қорытындысы бойынша 6253 адам «Nur Otan»-ның барлық деңгейдегі 216 мәслихатқа арналған партиялық тізіміне енді.

Талдау көрсеткендей, өңірлік партиялық тізімдерде әйелдердің үлес саны 22-ден 34%-ке дейін, жастар – 3,5 есе, 7-ден 24%-ке дейін артты. Орташа жасы мәслихаттардың қызметтегі құрамымен салыстырғанда 7 жасқа – 51-ден 44-ке дейін жасарды.

Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар.

Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.

Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында «Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді.

Автор:
nurotan.kz