Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әлем таныған Елбасы- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.


26 ноября 2020, 09:43 | 307 просмотров



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні  1 желтоқсанда  аталып өтетін мемлекеттік мейрамдарының бірі. Бұл мерекені атап өту- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  тәуелсіз мемлекетіміздің  дамуына қосқан орасан зор  жетістіктерін білу мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл мереке балабақшамызда  бүлдіршіндеріміздің шынайы қуанышпен қарсы алатын атаулы мерекелерінің  бірі. Балабақша бүлдіршіндері Тұңғыш Президенттің бастамаларымен еліміздің үлкен жетістіктерге жетіп, биік шыңдарды бағындырғандығы туралы мәліметтер алып, бүгінде Қазақстан Республикасының  әлем елдері арасындағы абыройының, оның  жылдар артқан сайын танымал болып келе  жатқандығын біледі. 

Бүлдіршіндермен бірлесіп бұл мерекені тойлау балабақшамыздың жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырады. Мерекенің ашылуы балаларды таңғы қабылдау сәтіндегі мерекелік әуенді шашудан  бастау алып, Тұңғыш Президент өмір жолы негізінде жасалған вертуалды бейнеролик көрумен  тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметінде жалғасын табады. Сонымен қатар қазіргі Пандемия жағдайында балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, мерекелік іс-шаралар топтарда  қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, жүзеге асады. Мәселен вертуалды музей арқылы балалар бұл мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Тұңғыш Президент музейіне» саяхаттап, Қазақстан Республикасының «Алғашқы жұмыс резиденциясы», «Дипломатиялық сыйлықтар» экспозициясын, «Тұңғыш президенттің тұңғыш жұмыс кабинеті», «Қауіпсіздің кеңес мәжілісінің кабинеті»,  «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Резиденциясының алдындағы алаң» – Елбасы Н.Назарбаев бірнеше жыл бойы Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Республиканың жоғары дәрежелі қонақтарын қарсы алған алаңымен танысты. Қазақстан халқының өмірлік күші мен қуатының, материалдық және рухани байлығының, жас егемен мемлекеттің гүлденуінің символы - музей артриумында негізгі орын алып тұрған «Өмір ағашы»туралы керемет мәліметтер алды. Бұл әлемнің дәл ортасында тау басында өсетін және дүниенің төрт бұрышы мен әлемнің үш саласын – тамыры тереңге кететін жер астын, адам мен жануарлар мекені – жерді және құдайлар мен құстардың мекені – аспанды байланыстыратын әлем ағашының бейнесін көрді, ол символының қандай мән беретініне тоқталды.  Сонымен қатар вертуалды музей арқылы 3 қабатта орналасқан  Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің негізгі атрибуттары – Ту, Елтаңба, Әнұран және Конституция қойылған экспонаттарды тамашалады.  Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихымен және оның авторларымен танысуға мүмкіндік алды. Күмбезді залда. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» айдарындағы Қазақстан Республикасының әлем елдерімен ынтымақтастығы туралы мәлімет алып, ұлтына түр-түсіне қарамастан әрқашан бейбітшілікке, достыққа ынтымақтастықта болудың маңызды екені туралы есте қаларлық мәліметтер алды.

 Бүгінгі бүлдіршін ертеңгі ел ертеңі. Сондықтан да Тұңғыш Президент күнінде балалардың  адамгершілік отансүгіштік қасиеттерін арттыру мен рухани дамуына үлес қосатын ерекше мереке ретінде тәрбиелік мәні зор екендігіне тоқталып өткіміз келеді. Еңбектің отансүгіштіктің арқасында жеткен Тұңғыш Президенттің жетістіктерін үлгі ете отырып, халқымыздың әлемге әйгілі болғанын мақтанышпен дәріптеудеміз. Мереке қарсаңындағы бұл ауқымды іс-шара балаларға Отанды сүю, оған адал қызмет ету бағытында шамшырақ болып жанады деген үміттеміз. Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында  Елімізге бірлік пен татулық тілейміз. Тәуілсіздігіміз тұғырлы болғай!

Автор:
Ұлжан Қайсанова