Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алтынқұрсақты аналардың жайын білді


30 ноября 2020, 04:55 | 791 просмотр



Ата заңда көрсетілгендей еліміздің басты байлығы адам. Ал оның жайлы өмір сүруі үшін бар жағдай жасалуы тиіс. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асып, ел тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне қолайлылық туындатуда. Жоғарыда айтқанымыздай, ел байлығы адам болса, сол байлықты молайтып жүрген өңірімізде алтын құрсақты аналар жетерлік. Мұндай қадірлі аналарға мемлекет жан-жақты қолдау білдіріп жүр. Бүгін Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті.

Халық қалаулысы әуелі бірнеше баланы дүниеге әкеліп, оларды асырап қана қоймай, саналы тәрбие беріп, отбасының ұйытқысы болып отырған алтын құрсақты аналардың жағдайын білді. Елдегі пандемиялық ахуал кезінде көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың қашықтықтан оқуға жағдай жасайтын жабдықтармен қамтылуын бажайлады. Мұнан соң, аудандық мәслихат депутаты көпбалалы аналарға карантин жағдайында сақтық шараларын сақтауды еске салып, олар жолдаған сауалдарға жауап берді. Мұнан өзге алтын құрсақты аналарға ҚР заңдары аясында берілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер бойынша кеңес берді. Үйде отырып, мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар екені сөз болды. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бұл мәселе аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы шешілетінін жеткізді.

– Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесі мен оның күтіміне ерекше көңіл бөліп, асқан жауапкершілікпен қараған. Сол дәстүріміз жалғасын тауып, осындай аналарымыз бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп отыр. Аналар бала тәрбиесімен емес, ұрпақ, ұлт тәрбиесімен айналысуда десек, артық айтпаған болар едік, – деді Қайнар Жұмағожа.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі