Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көп балалы отбасылармен жылы жүздесу


30 ноября 2020, 04:57 | 748 просмотров



Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт басымдықты анықтап берген болатын. Соның бірі – әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауды көздеген «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба қазірдің өзінде жүзеге асып, көптеген отбасының бақытын еселеп үлгерді.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өңір белсенділері партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы отбасыларына барды. Кездесудің мақсаты – алтын құрсақты аналардың жай-күйін білу, көп балалы отбасылардың тұрмыстық қажеттіліктерін саралау, карантиндік жағдайда мұндай отбасылардың балаларына компьютерлік жабдықтарының жеткілікті болуын бағдарлау. «Нарынқол орман шаруашылығы» КММ бас инженері Ербол Жұмаханов, Райымбек аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нартай Шымырбаев көп балалы екі отбасына ат басын бұрды. Партияның Саяси Кеңес мүшелері алтын құрсақты аналардың жайын ғана біліп қоймай, мазалаған сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

- Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген қанатты сөз жиі айтылады. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Елімізде алтынқұрсақты аналардың көбейгені көңіл қуантады. Осы ретте мемлекет көп балалы аналарды жан-жақты қолдауды назардан тыс қалдырған емес, - деді Ербол Жұмаханов

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі