Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі» облыстық сырттай байқауы


4 декабря 2020, 07:23 | 1 206 просмотров



Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында 2020 жылдың 23-27 қарашасында  «Тәжірибедегі оқытудың жаңа жүйесі» облыстық сырттай байқау өткізілді.

Байқауға қатысушылардың сабақтары және мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын электронды портфолиосы бағаланды. Бағалау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:  І орын – Пралиева Нургуль Кудайбергеновна, Алматы экономикалық  колледжі, ІІ орын  –  Кусайнова Динара Жанатовна,  І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжі, Кабылбекова Лаззат Шарыпхановна,  Жаркент  көпсалалы колледжі,  ІІІ орын  – Кайранбаева Асыл Кенжебековна, Текелі кәсіптік колледжі, Айнағұлова Кемчат Сақанқызы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық  колледжі, Миямова Айнұр Машраповна, Кәсіптік оқудағы көпсалалы  колледжі.