Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дуальді оқыту- кәсіптік білім берудің басты жолы


11 декабря 2020, 08:52 | 1 598 просмотров



Президентiмiз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында: «Дуальды кәсiптiк бiлiм берудi дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетiспеушiлiгiн еңсеруге мүмкiндiк беретiн заманауи қолданбалы бiлiктiлiк орталықтары қажет»,-деп кәсiптiк-техникалық кадрлар әзiрлеудiң ең тиiмдi жолын нұсқағанындай, бұл ретте әлемнiң жетекшi кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мекемелерiмен ынтымақ артып, салаға озық тәжiрибелердi енгiзу бағытында  дуальды оқыту жүйесi ерекше маңызға ие.  Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ.

  Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние.  

Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, сияқты дамыған мемлекеттерде

   Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден-бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізуді атап көрсеткен.  Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау.  Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет. Қазіргі кезде оқытудың тиімді жобасы дуалды жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары.  Дуалды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау.  Бұл мақсатқа жетудің жолы негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білімгерлердің кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет. Білімді үйреніп басқаларға үйрету-халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірбиелі, білімді мамандардың қолында-деп бекер айтылмаса керек. Білгенін басқаларға үйрету үлкен сауапты іс деп ойлаймын. Ол үшін білікті де тәжірбиелі тәлімгерлерден өндірістік базасында, жұмыс орнында жұмыстың әдістерін, қыр сырын үйлесімімен үйреніп сұранысқа ие нағыз өз ісінің шебер иесі болуға тырысу.  Теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірбиеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және жұмыссыздық азаяды. Дуалды білім беруде әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болу. Дуальды оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріне әлеуметтік серіктес табуы керек. Яғни оқушылар тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісімшартқа отыруы тиіс. Жалпы, бұл тәжірибе, яғни дуальды оқыту әдісінің элементтері біздің облыста  бұрыннан бар. 2009 жылы Хромтау тау-кен техникалық колледжі (сол кездегі №4 Хромтау кәсіптік лицейі) мен «Дөң» кен байыту комбинаты арасында келісім шарт жасалды. Өзара келісім бойынша аталған оқу орнының «Тау кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Пайдалы қазбалар кеніштерін жер астында өндіру», «Жер асты ғимараттарының құрылысы» мамандықтары бойынша білім алып жатқан оқушылары «Дөң» кен байыту комбинатында тәжірибе сабақтарын өткізуде. Дуальды жүйе бойынша білім алған түлектердің көпшілігі комбинатқа жұмысқа орналасып жатыр. Жалпы жоғарыда аталған үш мамандық бойынша бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90-95 пайыздан кем емес. Міне, бұдан тәжірибе сабақтарын өндіріс орындарында өткізудің пайдасы зор екеніне көз жеткізе түсеміз, — дейді облыстық білім басқармасының қызметкері.

Әлеуметтік серіктестікті дамыту демекші, біздің облыста 2007 жылы кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестіктердің үйлестіру кеңесі құрылыпты. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова төрайымдық етеді.

Кеңеске «Қазхром ТҰҚ», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамдары, «Ақтөбе мыс компаниясы» және басқа да ірі мекемелердің басшыларының орынбасарлары мен колледж директорлары мүше.

— Үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіптік-технкалық білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқыланады. Мысалы, өндіріске қажет мамандықтар осы үйлестіру кеңесінің отырысы барысында анықталады. Сонымен қатар мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс бөлу мәселесін шешуде осы кеңесте айтылған ұсыныстар да ескеріледі. Түлектердің жұмысқа орналасуы да кеңесте талқыланады. Жалпы үйлестіру кеңесінің жиыны жылына екі рет өтеді

Айта кету керек, кәсіптік және техникалық білім беру мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестіктердің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы күнффффі кеше ғана өтті. Оған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтің өзі қатысып, кеңес жұмысына жоғара баға берді, — дейді Қонысбай Жонысов.

Автор:
Е.А. Нюсупов, Оқу өндірістік шебері. Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технология колледжі. Талдықорған қаласы