Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Батыр ана халық өмірін жақсарту үшін барын салмақ


14 декабря 2020, 07:43 | 1 068 просмотров



Бүгін «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер, көп балалы ана Әлия Әбсеметова желі қолданушылармен тікелей эфирде тілдесті. Талай жұртқа үлгі болып жүрген қоғам белсендісі партияның өрелі жетістіктерін, атқарған шаруаларын таныстыру, сайлауалды бағдарламасында көтерілген басым бағыттарды түсіндіре келіп, замандастарын дұрыс таңдау жасауға шақырды.

- «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы. Оған анық көзім жетті. Елдің жайына болысып, қиын-қыстау сәттерде партиямыз қалтарыста қалмады. Кешегі пандемия кезінде, Мақтаралдағы апат кезінде оны нақты дәлелдей түсті. Алғаш рет елімізде партияішілік іріктеу өткізіп, шын мәнінде еліміздің демократиялық таңдауының аясы кеңігенін аңғартты. Мәселен, мен көп балалы анамын. Ана әлемді бір қолымен тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді. Қазақта ана қастерлі ұғым. Егер қазақ аналары белсенділігі жөнінен артта қалса, құрмет төрінен көрінетін ұлы Аналар болмас еді. Тізбектесек, Ұмай ана, Айша бибі, Домалақ ана, Жылауық ана, тағысын тағылар. Санамаласақ саусақ жетпейді. Міне, партия белсенді нәзікжандыларға мол мүмкіндік ашты. Бастысы ананың орны қазақ қоғамында әлі төмендемегенін аңғартты. Праймериз осындай үлкен мүмкіндік берді. Сонысынан «Nur Otan» партиясы жаңашылдықтың жаршысы, нағыз демократияның бастаушысы болмақ, - деді желіде Ә.Әбсеметова.

Мұнан бөлек, желі қолданушылары үміткерге түрлі бағытта сұрақ қойып, тұщымды жауап алды. Мәселен, бір желі қолданушы белсенді анаға бәріне қалай үлгеретіні жөнінде сұрайды. Сонда үміткер «Жанымда мені қолпаштайтын жандар барында, маған сенген халқым барында бәріне үлгеруім керек. Халық талабы сол, партия міндеті сол. Ел өркені жайқалсын десеңіз «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз» деп сөзін түйіндеді.

Автор:
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі