Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ «КҮЙ» ПОЭМАСЫ


10 января 2011, 10:44 | 14 596 просмотров



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға І.Жансүгіровтың өмірі мен өлеңдері туралы мағлұмат беру;

ә) өлеңдерін оқыту, қосымша түсіндіру арқылы білімдерін дамыту;

б) Ілияс өлеңі арқылы оқуға, өнер-білімге шақыру, күй-жыр өнерін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өлең оқыту, түсіндірмелі

Сабақтың түрі: аралас, жарыс, ой толғау

Сабақтың көрнекілігі: сызба, үнтаспа, күй

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Білімдерін тексеру

Мақсат қою

Жаңа сабақты түсіндіру

Түсінгендерін сұрау

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау. Б.Майлиннің «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесін оқып, мазмұнын айту. (сыныпты үш топқа бөліп сол бойынша жарыс сабақ ретінде өтеді)

І топ. Мазмұнын

ІІ топ. Дайрабайға мінездеме

ІІІ. Жағымсыз кемпірлер

Қосымша сұрақтар: 1. Б.Майлиннің өмірі жайында қысқаша айту

Қосымша сұрақтар: 1. Б.Майлиннің өмірі жайында қысқаша айту. 2. Шығармашылығына тоқталу

Үй тапсырмасын қорыту:

Б.Майлин

Ақын

Прозашы

Драматург

Сатирик

Аудармашы

Сергіту кезеңі. Поэзия минуты (Әр топ бір өлеңнен оқиды)

3. Білімдерін тексеру сұрақтары.

1.ХХ ғасыр әдебиет өкілдерінен кімдерді өттік?

2. қандай тақырыпта қалам тартты?

4. сабақтың мақсаты: І.Жансүгіровтың өмірі туралы қысқаша мағлұмат беру. Өнер тақырыбына жазған өлеңдерімен таныстыру, оқыту.

5. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Ақынның өміріне тоқталу. І.Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.

І.Жансүгіров әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді, домбыра тартуды, ән айтуды үйренеді.

І.Жансүгіров – ақын, прозашы, драматург, сыншыл суреткер.

Шығармашылығы:

Жас бұлбұл Домбыра Күй

Жалпы жасқа Әнші Күйші

Жастар Күй Құлагер

Жастар ұраны Күйге

2. «Әнші», «Күй», «Күйші» «Құлагер» поэмаларына тоқталу.

Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын өзі оны жанымен түсінген де, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жаннан ғана «Әнші», «Құлагер», «Күй», «Күйші» сынды бірегей туындылар пайда болған.

Ақын «Әнші» өлеңінде ән өнерінің тәңірісін таныта білген. Бұл өлеңнінде әйгілі бұлбұл әнші–ақыны әсеттің әншілігін жырлаған.

Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп

Қоздырып делебеңді, әсерлетіп

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып

Шапшытып, шүмектетіп, тамылжытып – дейді.

«Күй» поэмасы Молықбай күйшінің өнері жайлы сыр шертеді.

Қобызшы ол – «Ақкөбікті» аңырытқан

Боздатып «Бозінгенді» күңіренткен – деп күйші өнеріне таңдай қақтырады.

Ал «Құлагер» поэмасы қазақтың бірың-

ғай ақыны Ақан сері трагедиясы.

Мұндағы оқиға тұлпар жайлы болғанмен негізінен ақынның өмірінен сыр шертеді. Тұлпарға жасалған қастаңдық Ақанға жасалғанын ақын астыртын суреттейді.

Ал «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші өмірі арқылы қазықтың күй өнерінің құдіретіне жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген.

Поэманың негізгі кейіпкері – хан Кенесары мен оның қарындасы Қарашаш және күйші.

Күйшінің қошеметке көңілі тасып

Бес бармақ мамақ қақты перне басып

Толқытып, тоқсан күйді дүрілдетті

Көңілді бірде шымшып, бірде қысып...

Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің –

Бәрін де лақылдатып, төгіп, шашып

3. Күй тыңдату арқылы «Домбыра» , «Күй», «күйге» өлеңдерін оқу.

4. «Өнерім-өмірім» атты ой толғауды үнтаспадан тыңдау. (Әр топқа қосымша айттыру)

6. Градация – дамыту – туралы үнтаспадан тыңдату. Градация- дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойды соңғы құбылыстан асыра асқақтата түседі.

Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы, Ілиястың «Домбыра» өлеңі.

7. Түсінгендерін сұрау.

1. Өлеңді әр топтан бір-бір оқушыға мәнерлетіп оқыту;

2. Өнер тақырыбына жазған қандай шығармаларын білесіңдер?

3. Бүгінгі сабақта нені өттік? Нені білдік?

4. Градация дегеніміз не екен?

8. Сабақты бекіту. «Аққуды аспандағы қондырған күй»

9. Үйге тапсырма.

1. «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу

2. «Домбыра» өлеңің оқып, градацияны түсіну

10. Оқушы білімін бағалау. Үздік топты марапаттау.

Қосымша: Домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылардың өнерін тамашалау.

Автор:
С.С.ДАРКЕНБАЕВА, Сатай батыр атындағы орта мектеп. Тұрпан ауылы Панфилов ауданы.