Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕҚЫҰ саммиті –біздің мақтаныш


10 января 2011, 10:43 | 2 281 просмотр



Мақсаты:

1.Оқушыларға ЕҚЫҰ тарихын, міндеттерін, мақсаттарын таныстыру.

2.Оқушылардың саяси көзқарасын қалыптастыра отырып, елін, Отанын сүюге шақырып, достықты дәріптеу.

Көрнекілігі: Газет-журнал бұқаралық ақпарат құралдары, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың түрі: пресс-конференция

Сабақтың барысы:

1.Сәлемдесу.

2. Кабинеттің сабаққа даярлығын бақылау.

3. Ел басшылары, журналистер, көрермендердің орналасуы.

Сабақтың өтілу барысы:

Жургізуші:

Бүгінгі сабақтың мақсатымен танысайық:

1.Оқушыларға ЕҚЫҰ тарихын, міндеттерін, мақсаттарын таныстыру.

2.Оқушылардың саяси көзқарасын қалыптастыра отырып, елін, Отанын сүюге шақырып, достықты дәріптеу.

Еуроатлантика және Еуразия аумағындағы жалпыға ортақ бөлінбейтін және ұжымдық қауіпсіздікке арналған маңызды мәселелерді талқылау үшін Қазақстан астанасына ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500-ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері мен 1000-нан аса журналистер келіп отыр.

(Осы кезде Қазақстан Республикасының Президентін, Ресей Федерациясының Президентін, Англия елінің ханшайымын, Германия Демократиялық Республикасының канцлерін, Қытай Халық Республикасының Президентін қарсы аламыз.)

Жүргізуші:

Барлық қатысушы мемлекет теңдей мәртебеге ие. Шешімдер консесустық негізде қабылданады.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның ресми тілдері: ағылшын, неміс, испан, француз, орыс тілдері болып табылады.

Саммиттің тарихи маңыздылығының өзі еліміздің төрағалық етуі. Мемлекетіміздің басшысы ЕҚЫҰ басқарып отырған елдің Президенті ретінде саяси ұйымның жұмысына түсінікпен жаңа мақсат-міндет енгізе отырып, өз ойын ақиқатқа айналдырады.

Қазақстан Республикасының Президентіне сөз беріледі:

Қазақстан- әрі төраға ел, әрі Саммит шақырушы ел.

Қазақстан – осындай қос мәртебеге қол жеткізген Еуропа мен Азиядағы тұңғыш мемлекет.

Біздің төрағалығымыз халықаралық аренада ақылшы, кеңесші ретінде іс-қимыл танытатын мемлекет. Ұйымның тарихта лайықты орын алары сөзсіз. Біз – Еуропада осы мәртебеге қолы жеткен тұңғыш мемлекетпіз.ЕҚЫҰ-ға мүше 55 мемлекет өкілдері Мадрид қаласында өткен отырыста 2010 жылғы төрағалықты Қазақстанға тапсыру туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» – «траст» (сенім), «традишн»(дәстүр), «транспаренси» (ашықтық), «толеранс» (толеранттылық) болып табылады.

Біріншісі- бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

Екіншісі- ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі- халықаралық қарым –қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал төртіншісі –бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениет және өркениет арасындағы үн қатысуды нығайту жөніндегі жаҺандық трендтің көрініс табуы.

Біздің негізгі міндеттер мен мақсаттар:

•Қаруланудың таралуын бақылау;

•Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш-жігер;

•Сенімді қарым- қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар;

•Экономикалық және экологиялық қауіпсіздік;

•Адам құқын қорғау;

•Демократиялық институттарды дамыту;

•Сайлаулар мониторингі.

Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісім мен түсінікке жетудегі тәжірибесі бүгінде ЕҚЫҰ қызметіне жаңаша серпін берді деуге болады. Кез келген түйінді мәселені бейбіт жолмен шешуге болатыны да Қазақстан төрағалығы тұсында бұрынғысынан да айқын көрінуде.

Қазақстан –ішкі, сыртқы саясатты бақылай отырып, Қырғызстандағы ахуалға қатысты бір шешім қабылдауға, оларға моральдық- материалдық көмек көрсетуге, әлемде ядролық қаруды жоюға, қару жарақтан бастартуға шақырады.

Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, бейбітшілік қарым-қатынас әлемдегі тыныштықтың нағыз көзі.

Жүргізуші:Ресей Президентіне сөз беріледі

Россииская Федерация

Столица- Москва

РФ- государство в восточной части Еуропы и в северной части Азии, омывается морями Атлантического, Северного Ледовитого и Тихого океанов. Крупнейшая по размерам территории страна в мире, занимает восьмую часть суши. Площадь 17,075 млн. кв.км.общая протяженность границ-58562 км . Население 148,4 млн. человек ( за 1994г) , русские составляют 81,5% , проживает свыше 100 представителей других народностей.

Официальный язык-русский.

Большинство верующих- христиане( главным образом православные), а также мусульмане, иудаисты и другие.

Денежная единица –рубль.

Государственное устройство- демократическое федеративное правовое государство. Административно в состав семи федеральных округов России входят: 21 республика, 10 автономных областей и автономных округов, 6 краев, 50 областей и 2 города федерального значения: Москва и Санкт- Петербург.

Всего насчитывается 89 субъектов федерации. Основной Закон-конституция (принята 12 декабря 1993г).

Глава государства- Президент, является также Верховным Главнокомандующим Вооруженными Силами.

Федеральное Собрание- высший представительный и законодательный орган( Парламент), который состоит из 2х палат: Совета Федерации (верхняя)и Государственная Дума(нижняя ).

Жүргізуші: Германия Демократиялық Республикасының канцлеріне сөз беріледі.

Deutschland

Die Bundesrepublik Deutschland liegt im Zentrum Europas.Das ist ein hochentwickelter industrieller Staat. Nach dem zweiten Weltkrieg exestierten zwei deutschen Staaten: die Bundesrepublik Deutschland und die Deutsche Demokratische Republik. Im Jahre 1990 vereinigten sie sich. Die offizielle Hauptsadt des Landes ist Berlin. Berlin liegt an der Spree. Die BRD besteht aus 16 Bundeslandern. Das sind Bauern, Brandenburg, Tuhringen,Sachsen und andere. Unter diesen Bundeslandern gibt es 3 Staatstadte. Das sind Berlin, Hamburg, Bremen. Sie haben einen besonderen politischen Status. Wichtige kulturelle und historische Zentrender Bundesrepublik sind Liepzig,Munchen, Dresden, Koln, Weimar, Erfurt. Deutschland ist an Naturschatzen reich. Viele Touristen aus allen Landern der Welt kommen nach Deutschland, um Natur und Sehenswurdigkeiten des Landes kennenzulernen.

Жүргізуші: Англия елінің ханшайымына сөз беріледі.

Good afternoon dear Friends and guests!

The aim of our summit is to exchange viewes on the problems of terrorisms, achievements and to answer different questions. Dear Nursultan Abichevich we are greatly touched by your information and attention. We are all greatly interested and glad that great changes are taking place in England.

We thank for participating in such an interesting and useful talk. I’m sure that England and Kazakhstan people will develop cooperation in all spheres of life.

Thank your very much your attention!

Жүргізуші: Франция Республикасының Президенттіне сөз беріледі.

Le Kazakhstan et la France c’est un pays democratiques et libertйs.

Sammit c’est un pont entre deux pays. Nous voulons l’amitiйe. La France collabore avec le Kazakhstan. Nous sommes la republique federйe

Жүргізуші: Қытай Халық Республикасының Президентіне сөз беріледі. (аудармасы)

Қазақстан ОБСЕ-ге басшы болғалы бері көптеген істер атқарды. Мысалы: Орта Азия халықтарының шиеленіскен мәселелерін шешіп, бір қатар көмектер көрсетті. Біз Қазақстанның беделі мен болашағын және әлем халықтарының тыныштығын орнатудағы еңбегін көрдік.

Қазақстан бұдан кейінгі жылдарда да жақсы жетістіктерге жететініне сенеміз және қолдаймыз.

Президент: құрметті қазақстандықтар!

Еліміздің барша азаматтарын ЕҚЫҰ саммитін табысты ұйымдастырып,өткізуімен құттықтағым келеді .

Іс жүзінде бүгін түнде ЕҚЫҰ -ның Астана декларациясын қабылдаумен аяқталды .

Саммит сенімді,ынтымастастық пен интекрацияның нығайтудың, бір тұтас және ажырағысыз Еуро-Атлантикалық және Еуро-Азиялық қауіпсіздік қауымдастығының жаңа кезеңінің бастауы болды .

Біз халықаралық деңгейдегі аса ірі шараларды өткізу жөніндегі міндеттерін шеше алатынымызды дәлелдей алдық.

Барлығы да саммитке үздік әзірленгені үшін Қазақстанға алғыстарын айтты.

Бұл ризашылық сөздері еліміздің барша халқына арналған .

Біздің Астана ЕҚЫҰ ға саммиттерін өткізу иелері болған Хельсинки, Париж, Будапешт Лиссабон,Станбұл секілді Еуропанын белгілі қалаларымен бір қатарға тұрды.

Жүргізуші: Еліміз жастардың жан-жақты білім алуына назар аударуда. Астанамызда биылғы оқу жылында Назарбаев Университеті, Талдықорған қаласындағы зияткерлік мектеп біздің жан-жақты білім алуымыздың негізі. Жастарымыздың» Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуына жол ашық. Шетелдердегі оқу орындарымен таныстыр-

айық.

Жүргізуші:

Астанада ЕҚЫҰ саммитінің өтуі-бұл:

Оқушылар жауабы:

•Қазақстанның халықаралық беделі мен Мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау

•Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің, республиканың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің нәтижесі және танылуы.. (тізбелеп айтады.. )

Жүргізуші: Саммит делегаттарын Астананың көрнекі орындарымен таныстырайық. Ақорда, Байтерек, Монумент «Қазақ елі», Хан шатыры, Спорт комплексі, «Нұр-Астана» мешіті.

Оқушы үндеуі:

Қазақстандағы саммиттің жоғары дәрежеде өтіуіне ризашылығымды білдіре отырып, саммит қабылдаған шешімді іске асыруда мектеп оқушыларының өз үлестерін қосуға шақырамын.

-Елімізде тыныштық орнатуға;

-Еліміздің табиғатын қорғауға ,көркейтуге үлесімізді қосуға;

-Еліміздін болашағы өзіміздің қолымызда болғандықтан, Отанымызға құрмет көрсете отырып, жақсы білім алуға, ата – салт дәстүрін жаңғырта отырып, ұлттық құндылықтарды сақтайтын тәрбиелі де тәртіпті оқушылар болуға үндеу шақырамын.

Жүргізуші: Саммиттің өтуі – адамзатқа қазіргі таңдағы ең бастысы тыныштық пен бейбітшілік, экономиканың дамуы, өзара түсіністік пен әріптестік.

Қорыта келгенде, елімізге тыныштық, қауіпсіздік, деннің саулығы, алдағы күнге үміт, сенім керек.

Автор:
Г.А.ҚИЯХМЕТОВА, Новопокровка орта мектебінің француз, неміс тілдерінің мұғалімі Сарқан ауданы