Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Басшы қаласа жемқорлықты жоюға болады» – Асхат Аймағамбетов


15 декабря 2020, 11:11 | 854 просмотра



Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу орындарындағы жемқорлықты жою мәселесін айтты.

Бұл туралы «Қазақпарат» жазды.

«Жоғары оқу орындарындағы жемқорлықтың алдын алу керек. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Біраз университет жемқорлықты жойды деп айта аламыз. Бұл мәселеден мүлде аулақ жүрген университеттер бар. Сондықтан университеттің басшысы қаласа мұндай проблеманы жоюға болады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр жоғары оқу орындарында жемқорлықты түбегейлі жою мәселесі туралы бұған дейін де айтқан болатын.

Автор:
aikyn.kz