Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қарулы Күштері – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі азаматтардың сенімін сақтайды


20 декабря 2020, 05:12 | 197 просмотров



Сарыөзек гарнизонында «Қарулы Күштері – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын жалғастырады. Кеңсенің қызметі тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін сақтап, жұмыстарын одан әрі арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта «Қарулы Күштері – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі үшін гарнизонда әскери полиция бөлімінде және Кербұлақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде келушілерді қабылдайтын бөлмелер ашылып, жобалық топтың жеке құрамы туралы ақпараты бар стендтер орналастырылған.   

Жобалық топ келуші азаматтардың мәселелерін тікелей шешу бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, оларға келіп түсетін түрлі сұрақтарға жауап береді.

Ал аталған жұмыспен қабылдау уақыты 9-дан 18:00-ге дейін іске асырылады.

- Адалдық алаңы жобалық кеңселерінің құрылымдық бөлімшелері жұртшылық үшін қолжетімді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігі, - деп түсіндірді әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға офицері әділет аға лейтенанты Ерсайын Қасенов.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы