Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлы ойшыл Абайдың шығармашылығымен сусындап өскен - сарбаз


20 декабря 2020, 08:41 | 163 просмотра



Сарыөзек гарнизонында орналасқан Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қатардағы жауынгер Ибрагим Тазабек Әубәкірұлы қазақтың біртуар перзенті, хакім Абайдың шығармашылығымен жақын танысып, өлең жолдарын бойына сіңірген.

Ол Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Түркістан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен әскер қатарына шақырылған. Қазіргі таңда Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінде әскери борышын мақтанышпен өтеп жүр.

Бала кезінен қазақ әдебиетін бойына сіңіру жолында қазақтың үш биінің шешендік сөздері мен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен сусындап келеді.

Тазабек Отанына деген сүйіспеншілігін өзіне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өзін озат сарбаз қатарында көрсетіп келеді.

          Ұлы Абайдың еңбектері мен әлем әдебиетінің шоқтығы биік туындыларымен терезесі тең тұрғанын кеңінен насихаттайды. Сарбаздың Қазақтың Ұлы ақыны Абай туралы жазылған арнаулары бар.

 

                «Абайға арнау»

 

Көзін ашу, білім іздеу ойында,

Құдай берген қасиет бар бойында.

Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім,

Ойшыл, ақын Абай атам жайында.

 

Ұлы Абайды болсам егер танитын,

Мен айтамын онда оның тарихын.

Абай өзі, дара, ойшыл, ұлы ақын,

Жолын салған, қазаққа тіл даритын.

 

Бұл жолменен Әуезовта шырқаған,

Бұл жолменен талай ақын ой тартқан.

Қазағымның әдебиетін жаңғыртып,

Мәдениетін бар әлемге танытқан.

 

Сенім артқан қазағыма ішінен,

Әрбір сөзін арқау еткен ісімен.

Өмір бойы оқып өтер Абай бұл,

Ғибрат алып әр сөзінің күшінен.

 

Автор: Тазабек Әубәкірұлы Ибрагим

 

Абай атамыздың шығармаларындағы саналы ой, әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген отансүйгіштік сезімін оятады.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор