Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сарбаздар әскери бөлімнің даңқ мұражайымен танысты


21 декабря 2020, 10:47 | 183 просмотра



Десанттық-шабуылдаушы әскерлеріне қарасты Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінің сарбаздарын даңқ мұражайымен таныстыру іс-шарасын өткізді.

Сарыөзек гарнизонының даңқ мұрағайы 1984 жылы ашылған.

 Мұражайдың ішінде Ұлы Отан соғысы және ауған соғысының естеліктеріне, сондай-ақ, бейбіт күннің батырларына арналған бұрыштары мен маңызды деректері бар. Мұражайға Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп көріп мұражайдың келушілер кітабына ұлағатты сөздері мен қолтаңбасын қалдырған.

Сарбаздар алдымен мұражай ішіндегі орналасқан экспонаттарды аралап, артынан әскери бөлімнің жауынгерлік жолымен танысты.

Көрмеге жиналғандар сұрапыл соғыс уақытында қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, үнсіздікпен оларды еске алды.

 «Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Жыл сайын біздің әскери бөлім қатары толығып отырады. Отан қорғауда қайтыс болған бабаларымыздың ерліктерін ешуақыта ұмытпауымыз керек. Осы мақсатта жас ұрпаққа жақсы патриоттық тәрбие береміз.» - дейді мұражай жетекшісі Бибігүл Нурманова.

Шара соңында сарбаздар мұражайға қатысты өздеріне керекті сұрақтарын қойып, тиісті қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Автор:
Абзал Сартаев, Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор