21 декабря 2020, 10:52 | 463 просмотра
Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Алматы облысының Қарулы Күштері ардагерлері ұйымы бірлесіп әскери, мәдени, патриоттық іс-шара өткізді. Оған қаладағы барлық мектеп, колледж, алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері қатысты. Қарулы Күштер саласында жиырма жылдан астам қызмет еткен офицерлерге құрмет грамоталар, алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді. Басқарма бастығы полковник Ерен Мейрембеков құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ қалалық Қарулы Күштер ардагерлері ұйымының төрағасы запастағы майор Талғат Бердікеновте өзінің ақ тілегін жеткізді.