21 декабря 2020, 10:56 | 253 просмотра
Сарыөзек гарнизонында орналасқан 12740 әскери бөлімінде «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысқан мектеп оқушыларын марапаттады.
Сарыөзек ауылының орта мектептерінің оқушылары Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына «Жас десантшылар» командасы бойынша белсене қатысты.
Олар бір апта бойы тактикалық шабуыл, саптық жүріс, түрлі спортттық сайыстарда бақ сынаған. Оқушылар байқаудың соңғы шешуші кезеңдерінде ұйымшылдық танытты. Жас патриоттарға әскери бөлімнің жеке құрамдары үнемі қолдау көрсетуде.
Жиналған «Жас десантшылар» командасы оқушыларына бөлім командирі подполковник Ержан Ембергенов алғыс грамоталарын табыстады.
Енді балғындар алдағы жылдың жарыстарына дайындалмақ. Ондағы мақсат – «Айбын» әскери-патриоттық байқауында жеңіске жету.