Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қарияларды партия жаңашылдығымен таныстырды


28 декабря 2020, 06:11 | 1 029 просмотров



Бүгін Қаратал ауданында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Базархан Байтаев ауданға белгілі, елеулі еңбек етіп, бүгінде елдің ақсақалы атанған Мансұр Құрбанов пен Мұрат Жайсановтардың шаңырағында болды. Келелі кездесуде үміткер "Nur Otan" партиясы ел игілігі үшін жасап жатқан оңтайлы істерді таразылап, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды шаруаларды сөз етті. Партияның жуырда ғана жариялаған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, қос қарияны партия жұмысына қанықтырды.
- Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр, - деді үміткер.
Кездесуде Мансұр Құрбанов пен Мұрат Жайсановтар "Nur Otan" партиясы игілікті бастамаларына көңілі тояттайтынын айтып, үміткерге ақ батасын берді.
Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді