«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өткізіп, сауалдарына жауабын берді.
Желі оқырмандарының мазалаған сұрағы аз емес, соның бірі, білім саласындағы жаңа нысандардың бой көтеруі жайында айтылды.
Онлайн кездесу барысында Қуат Маратұлы бұл мәселені шешу аясында «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда 80 жаңа мектеп және 25 балабақша салыну көзделгенін атап өтіп, оқырмандар сауалына өз жауабын берді. Расымен, біздің өңір халық көп шоғырланған облыстың бірі, осы орайда, жаңа білім нысандардың салынуын уақыт талап етіп отыр.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік! 10 қаңтар күні "Nur Otan" партиясына дауыс бер!