Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Арна Ернарқызы авторлық куәлікке ие болды


29 декабря 2020, 04:46 | 1 826 просмотров



Арна Ернарқызы химияны тереңдетіп оқытатын «Реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер» атты 7-8 сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал үшін ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан авторлық куәлік алды.

Оқу құралы оқушылардың өзіндік жұмысын ынталандыруға арналған, сонымен қатар химияны тереңдетіп оқуға тиімді. Оқу құралы негізгі мектепте сабақ беретін мұғалімдерге, сондай-ақ химияға терең қызығушылық танытатын оқушыларға пайдалы болады.

Нұсқаулыққа А.И.Врублевскийдің «Химиядағы тренажер» жинағындағы тапсырмалар және В.В.Сорокин, В.В.Загорский, И.В.Свитанько жинағынан химия пәні бойынша олимпиадалардың бірнеше тапсырмалары енді. Автор әдістемелік құралында есептеудің ең ұтымды жолдарын көрсетеді. Тапсырмалар материалдың күрделене түсуіне қарай ұсынылады, бұл оқушыларға белгілі бір есеп түрін шешу тәсілдерін өз бетінше игеруге мүмкіндік береді.

- Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына есептер жинағы септігін тигізеді деп есептеймін. Сонымен қатар, тақырыпты түсінгендігін бекіту үшін есептер бірнеше түрде және әрбір түрге 10 есеп жинақталғандығы оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді болады деген ойдамын. Мектеп бағдардамасынан тыс 8-9 сынып оқушылары арасында химия пәніне қызығушылық танытатындар үшін бұл әдістемелік құралда арнайы жинақталған есептер мен олардың шешу жолдары берілген, - деп Арна Ернарқызы өз пікірін білдірді.

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі