Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

65 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРМЕК


5 января 2021, 09:37 | 994 просмотра



Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілі тұрады және 71 этно мәдени бірлестік бар. Одан бөлек 558 мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді.

Осындай ауқымды саланың жұмысын саралау үшін және «Nur Otan» партиясының мәдениет саласында атқарар шаруаларын таразылау мақсатында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сайдулла Сәрсеков мәдениет саласының қызметкерлерімен онлайн жүйеде жүздесті.

-Партия жоспарына сәйкес, өңірде жыл сайын 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Бұл ретте 6 миллион адамды қамту мақсат етілген. Одан бөлек алдағы бес жылда 405 тарихи-мәдени мұра нысандарын QR-кодты белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Тарихи Жол» жобасы іске асырылмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарласамын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ, – деген Сайдулла Камалұлы партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда Жетісу өңірінде 65 мәдениет үйінің құрылысы басталатын айтты. Сонымен қатар 49 мәдениет үйі мен клубты күрделі жөндеуден өткізілетінін хабарлады.

Эфирге қатысушылар «Nur Otan» партиясының барлық бастамалары көңілге қолымды, әрі ел ертеңі үшін үлкен маңызға ие кендігін айтты. Сондай-ақ, үміткерге сәттілік тілеп, 10 қаңтар күні сайлауға барып, өз таңдауларын жасасайтындарын жеткізді.

Автор:
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді