Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары


8 января 2021, 06:29 | 1 804 просмотра



АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусының, яғни адамның иммунды жүйесін зақымдайтын вирустың қысқартылған атауы. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды және бақылау жүйесін әлсіретеді, адамдарды инфекциялардан және обырдың кейбір түрлерінен сақтайды. Адамның иммундық жүйесін зақымдай отырып, басқа инфекциялық аурулардың дамуына ықпал етеді. Өйткені адамның иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан, ауру туғызатын микроорганизмдермен күресуге қабілеті төмендейді.

АИТВ жұқтырған адам сау адамға мүлде қауіп тудырмайтын микрорганизмдерге өте сезімтал болып келеді. Иммун тапшылығы вирусы адамнан адамға үш жол арқылы беріледі: қан арқылы, жыныстық қатынас және тігінен (анасынан баласына жүктілік, босану кезінде және ана сүтімен). Инфекция масаның шағуы, қол беріп амандасу, сүйісу, жүзу бассейндерінде шомылу арқылы берілмейді.

АИТВ жұқтыру қаупін қауіп факторларының әрекет етуін шектеу арқылы төмендетуге болады. АИТВ жұқпасының алдын алудың негізгі шаралары:

  1. Ерлер мен әйелдер мүшеқаптарын (презерватив) қолдану. қынаптық және анальды сексуалдық қатынас кезінде ерлер мен әйелдер мүшеқаптарын дұрыс әрі үнемі қолдану жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, АИТВ-ні қоса, таралуынан сақтауы мүмкін. Еркектердің мүшеқаптары 85% жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан, АИТВ жұқпасынан қорғайды.
  2. Қандай да бір қауіп факторларына ұшыраған адамдар АИТВ және ЖЖБИ тестілеуінен өту керек, тестілеу арқылы өз жағдайларын біліп, кешіктірмей алдын алу шараларын өткізу мен ем қабылау керектігін білетін болады. Ерлі-зайыпты жандардың да тестілеуден өтіп тұрғаны абзал.
  3. Инъекция қолданатын нашақорлар АИТВ жұқпасын болдырмау үшін залалсыздандырылған инъекциялық жабдықты, инелерді және шприцтерді қолдану арқылы сақтық шараларын ұстануларына болады.

АИТВ жұқтырып алмау үшін қарапайым ережелерді сақтауыңыз қажет: есірткі заттарын пайдаланбаңыз және бірнеше адам пайдаланған шприцті қолданбаңыз, қорғаныс құралдарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеу керек, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды емдеу қажет, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болып, өзіңіздің статусыңызды білу үшін АИТВ тестілеуінен өткен жөн. Қан талдауынан емханада, ЖИТС орталығында тегін және анонимді түрде өтуге болады.

Өзіңізді және балаларыңызды жұқпадан сақтаңыздар, дендеріңіз сау болсын!

Автор:
Рандир САХАРИЕВ, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы Талдықорған қаласы.