Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

2021 жылы МӘМС-ке кім және қанша төлейді?


8 января 2021, 07:02 | 366 просмотров



Сақтандырылғаныңыз туралы өзіңізге қолайлы әдіспен тексеріңіз:
• Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайты fms.kz (оң жақ төмен бұрыштағы терезе)
• Электронды үкіметтің egov.kz сайты (Жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімі)
• Saqtandyru-bot Telegram боты (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі)
• Qoldau 24/7 ұялы қосымшасы (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі)
МӘМС-ке қанша төлейміз?
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, ай сайынғы МӘМС төлемін төлеушілер санатына қарап, анықтаңыз:
• 15 жеңілдік санатындағы азаматтарға жарна мемлекет тарапынан төленеді;
• Жалдамалы жұмысшы – жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарна аудару объектісінің 2% (2019 жылы – 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% көлемінде аударады;
• ЖК, ШҚ иелері, жеке іспен айналысатындар – 2975 теңге (ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы);
• Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар (жалдамалы жұмысшысыз және ЖК тіркелмей қызмет көрсететіндер)/бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (2021 жылғы 1 қаңтардағы АЕК – 2917 теңге), басқа елдімекендер үшін – 0,5 АЕК (2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш – 1458,5 теңге);
• Өз бетімен төлеуші – ең төменгі жалақының 5% (2125 теңге);
• Азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табысының 2% (2020 жылы 1% ұсталды), бұл тұста мүмкін болар ең жоғарғы төлем – 8500 теңге (яғни, ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінің 2%, 425 000 х 2% = 8 500).
МӘМС-ке қайда төлейміз?

Сақтандыру жарнасын:
- екінші деңгейлі банктер мен олардың интернет-сервистері;
- Kaspi.kz ұялы қосымшасы;
- «Қазпошта» АҚ бөлімшелері;
- төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.);
- медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы