8 января 2021, 07:22 | 287 просмотров
Сарыөзек гарнизонында орналасқан 12740 әскери бөлімінің әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің қызметшілері көп балалы әскери қызметшілердің отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларды аралап жаңа жыл мейрамымен құттықтады.
2021 жаңа жылғы мейрамы қарсаңында әскери бөлімнің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің қызметкерлері сержант Сымбат Сембекова және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері Айгуль Зиядинова, Ботагөз Есенова, Динара Кульжановалардың ұйымдастыруымен бөлімнің көп балалы әскери қызметшілердің отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың шаңырағына барып, оларды жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
Бөлім тарапынан келген құттықтау тілектерімен сыйлықтарына қарықболған көп балалы отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары әскери қызметшілерге өз ризашылығын білдіріп, ел қорғаудағы істеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар әскери қызметшілер отбасылардың жағдайларымен танысып, керекті мағлұматтарында алды.
«Әскери қызметшілердің отбасындағы жағдайларына әрқашанда көңіл аударудамыз. Мерекелер қарсаңында ерекше күтім ететін және көп балалы отбасыларды назардан тыс қалдырмаймыз» - дейді бөлімнің әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің психологы Ботагөз Есенова.